Аймақтар • 20 Қазан, 2025

Түркістан облысында ет бағасы арзандады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы шаралар күшейтілген. Бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу, тұрғындарды қолжетімді өніммен қамтамасыз ету мақсатында мониторинг пен бақылау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында ет бағасы арзандады

Бағаны тұрақтандыру мақсатында әкімдіктің тұрақтандыру қорында 22 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптастырылған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын халыққа қолжетімді ету мақсатында облыста 39 әлеуметтік дүкен қызмет етеді. Бұл дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары нарықтық бағадан 15-20% төмен саудаланып жатыр. Сонымен қатар әр апта сайын облыс аумағында жәрмеңкелер ұйымдастырылып, тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен өнімдер нарыққа делдалсыз жеткізілуде. Нәтижесінде, тұтынушылар азық-түлік тауарларын нарықтық бағадан 20-30% төмен бағада сатып алуда.

Әкімдік тарапынан ет өндіретін шаруаларға арнайы қаржылай қолдау көрсету арқылы сиыр етінің бір килосы базарларда 2 600 теңгеден саудаланып жатыр. Жалпы, статистикалық деректерге сәйкес, Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар тұз, күнбағыс майы, сиыр еті, сары май, қант, жұмыртқа және көкөніс өнімдерінің бағасы еліміздегі ең төмен бағалар қатарында.

Одан бөлек, «Береке Fest» акциясы басталып, сауда желілерінде бағаның өсуін тежеу және төмендету мақсатында сауда үстемесі 10%-дан аспауға тиіс деген шартпен міндетті меморандумдар жасалды. Аталған акция барысында қала аумағындағы 14 супермаркетпен арнайы меморандумдар түзілді. Қаладағы сауда желілеріндегі баға үстемесін қадағалау мақсатында жұмыс топтары тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33