
Шаруашылық • 24 Қаңтар, 2025
Қаңтар айы қарсыз өтіп жатқан Түркістан өңірінің оңтүстік аумағында дала жұмыстары ерте басталады. Бір алқаптан екі-үш өнім жинауды мақсат еткен диқандардың қаңтардағы қарбаласына көз үйренген. Дала жұмыстарының ауқымы ақпанда ұлғая түседі. Осы орайда облыста көктемгі дала жұмыстарына дайындықты сапалы жүргізуге ерекше мән беріліп отыр.
Білім • 12 Желтоқсан, 2024
Инновациялық технология және білім жүйесі: Жаңашыл жастардың жобасы қолдауды қажет етеді
Бүгінде барлық салада әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті мамандардың болуы маңызды. Экономиканың жаңа үлгісіне көше бастаған елімізде ғылым мен инновация әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономиканың басты тірегі болуға тиіс. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IT мен биотехнология саласындағы революция адамзатты өзгертіп жатқандықтан білім жүйесі жаңа реалияларға тез бейімделуді қажет ететінін айтқан болатын.
Өндіріс • 07 Желтоқсан, 2024
Аяқкиім өндірісінің қарқыны жоғары
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы «Sh.S.Самұрық» ЖШС бүгінде тәулігіне 800 жұп аяқкиім шығарады. Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі цехта 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Аяқкиімнің 30-ға жуық түрін шығаратын өндіріс орнының қуаты жылына – 250 мың жұп.
Құқық • 20 Қараша, 2024
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысындағы өкілдігіне өңір тұрғындарынан биылғы он айда 156 арыз келіп түскен. Арызданушылардың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ 35-і – сотқа дейінгі тергеп-тексеру, оның заңдылығын қадағалау мәселелерімен жүгінген.
Тұлға • 19 Қараша, 2024
Түркі тұтастығын армандаған тұлға
Түркістанда мемлекет және қоғам қайраткері, ұлтының болашағы мен түркі халықтарының бірлігі үшін күрескен біртуар тұлға Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған «Тұрар және Түркістан идеясы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Ауыл • 09 Қараша, 2024
Малшы қауым зоотехник іздеп жүр
Мал шаруашылығы саласындағы маңызды мамандардың бірі зоотехниктердің кешегі кеңестік кезеңде беделі жоғары болатын. Ал бүгінде елімізде зоотехник жетіспеушілігі айқын сезіледі. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің деректеріне қарағанда, елімізде 700 зоотехник жетіспейді екен. Түркістан облысының Ордабасы ауданында Беларусь технологтерінің еңбек етіп жүргені – маман тапшылығының бір көрінісі.
Руханият • 07 Қараша, 2024
Түркістан облысы Түлкібас ауданының Абай ауылында халықаралық ғылыми конференция өтті. Иә, халықаралық деңгейдегі басқосулардың ірі мегаполисте немесе облыс орталықтарында ұйымдастырылатыны мәлім, бұл конференцияның бір ерекшелігі де талқыланған тақырыпқа арқау болған тарихи нысан – «Мұхаммед Нұран баб» кесенесінің ашылуына орайластырыла өткізілуінде еді. Кесене – бабтар дәуірінен жеткен жалғыз жазба ескерткіш.
Еңбек • 22 Қазан, 2024
Әр жетістік – шаруалар еңбегінің жемісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды екенін айтты. Ал былтыр алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізу, ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу, өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты болашағы зор бағыттарға басымдық беру қажеттігін атап көрсеткен болатын. Жолдау жүктеген міндеттердің жүзеге асырылуы халқының 80%-ы ауылда тұратын, ауыл шаруашылығы арқылы табыс тауып отырған Түркістан облысының мыңдаған отбасы үшін маңызды.
Тұлға • 08 Қазан, 2024
Өнерді дәріптеген өнегелі әулет
Әлімбек ақсақалды қала жұрты жақсы таниды. Қала ғана емес, есімі республикаға белгілі, күнгей мен теріскей өңірінің күйшілік мектебі мен дәстүрлі ән-күйін қатар алып жүрген ақсақал бүгінде өнегелі аға буын өкілі ретінде де отанасы Ұлтуармен бірге қала жастарымен ұйымдастырылатын кездесулерге жиі шақырылады.
Тұлға • 13 Қыркүйек, 2024
Қазан айында халқымыздың ардақты перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толады. Бұл орайда Түркістан өңірінде айтулы тұлғаның болмысын, атқарған ісі, тарихтағы орны, қайраткерлігі мен азаматтығын жан-жақты қамтып, кейінгі ұрпаққа таныта түсу мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Сондай-ақ осыдан 20 жыл бұрын, яғни 100 жылдығына орай ашылған нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен тұлғаны ұлықтау мақсатында айтылған, бірақ іске аспаған ұсыныстар да баршылық.