Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
175 материал табылды

Өндіріс • Кеше

Сенімге негізделген сапалы өнім

Түгін тартса, майы шыққан Меркінің жері жанға да, малға да жайлы. Осыдан болса керек, Меркі сүт өнімдеріне қай кезде де сұраныс азайған жоқ. Меркі май-ірімшік зауытының аты шарықтап тұрған кезде жұмысшылар тәулігіне 100 тоннаға дейін сүтті өңдеп, одан ірімшік, лактоза алып отырған. 90-жылдардағы қиын кезеңде іргесі сөгілмеген, аудан тарихында аты бар зауыт қазіргі нарық заманына бейімделіп, бәсекелестерден қалмауға тырысып келеді.

Қоғам • Кеше

Аналар қанша жәрдемақы алады?

Жыл басынан бері бала тууына, күтіміне байланысты төленген жәрдемақының жалпы сомасы 507 млрд теңгеге жуықтаған. Оның ішінде тек бала туғанда берілетін жәрдемақыға республикалық бюджеттен 36,4 млрд теңге қаралып, 201,7 мың азаматқа тиген.

Жұмыс • 03 Қыркүйек, 2025

Жұмыспен қамтудың мүмкіндігі

Еңбек нарығының 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген соң «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді. Тұжырымдамаға сәйкес биыл ел экономикасында сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға жеткізу жоспарланған. Қазірдің өзінде елімізде сапалы жұмыс орны былтырға қарағанда 150 мыңға артып, 2 млн 602 мыңға жеткен. Еңбек нарығында осындай қадамдар неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым тиімді дамитыны сөзсіз.

Жастар • 30 Тамыз, 2025

Климаттық өзгеріске – байыпты көзқарас

Жастардың климат туралы «LCOY Kazakhstan 2025» ұлттық конфе­рен­ция­сы Nazarbayev university медицина мектебінде өтті.

Жастар • 29 Тамыз, 2025

«Жастар практикасының» игілігі

Жыл басынан бері «Жастар практикасы» бағдарла­масымен 9 мыңнан астам адам жұмыс­қа орналасқан. Енді жыл соңына дейін 38,9 мың жасты осы бағыт бойынша жұмыспен қамту жоспарланған.

ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025

Тазалықтың тұрлаулы жолы

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет қаулысымен «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген еді. Оның басым бағыты экологиялық мәде­ниетті қалыптастыруға, тақырып аясында жастарға білім беруге, ақпараттандыруға негізделген.

Еңбек • 22 Тамыз, 2025

Мамандығын мақтан тұтады

Қай салада болсын білімді, білікті, тірлігіне тиянақты жұмысшының жолы ашық. Жастығына қарамай ересек адамдармен оңай тіл табысып, тындырымды жұмыс істесе, абыройымен қоса жалақысы да еселеп өсе береді. Электрик Мұрат Табатаев – кеше оң-солын танымаған жас болса, бүгін өз ісін жетік білетін білікті маман.

Қоғам • 19 Тамыз, 2025

Жастарға баспана сыйлаған бағдарлама

Қалаға жұмыс бабымен қоныс аударып, тұрақтап қалуды ойлаған жастарды ең әуелі баспана мәселесі алаңдатады. Олардың жұмысқа деген ынтасы зор болғанымен барлығының бірдей үйлі болуға қаражаты жете бермейді. Міне, осындай тұрақты жұмысы бар жастарға, жас отбасыларға 2019 жылдан бастап сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беріле бастады.

Туризм • 19 Тамыз, 2025

Араб елдері қызығушылық танытып отыр

Еліміз туризм саласында араб елдеріне жақсы танымал бағыт­тардың қатарына еніп келеді. «Khaleej Times» зерттеуі бойын­ша, Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарының 60%-ы жаз­ғы ­маусымда шетелге саяхаттайды. Олардың көпшілігі от­ба­сылық демалысқа ыңғайлы, визасыз бағыттарды таңдайды.

Жоба • 15 Тамыз, 2025

Халыққа қолайлы әлеуметтік жоба

Ел азаматтарына көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері қолжетімді әрі жариялы болғаны дұрыс. «Әлеуметтік әмиян» – осыны барынша үйлестіріп, жолға қоятын жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Үкіметке жобаны мерзімінен кешіктірмей орындауды тапсырған еді.