
Медицина • 20 Қараша, 2024
Мемлекеттен денсаулық сақтау саласына қаражат аз бөлінбейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі сол қаржының көлемі еселенді. Небір емі күрделі ауруларға жоғары технологиялық операция жасалды. Медициналық ұйымдар құрал-жабдықтармен толығып жатыр. Әйтсе де, салада ел күткен ілгерілеу байқалмайтындай. Себебі МӘМС-ке жарнасын аударып отырған тұрғындар емханаға барса, кезек көп, қызмет сапасы көңілден шықпайды. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Жолдауды еске салып, аталған саладағы бірнеше кемшілікті атаған еді.
Қоғам • 19 Қараша, 2024
Жылыту маусымы басталғаннан «Газдан уланып, иіс тиіп қайтыс болыпты», «Бүтін бір отбасы газдан уланыпты» деген сипатта ақпараттар бірінен соң бірі лезде тарап жататыны рас. Тіпті кейде апта ішінде 2-3 суыт хабар жетеді. Қаралы оқиға бала тәрбиелеп отырған әрбір отбасының қабырғасына батады. Мамандар мұндай жайсыз жағдайдың алдын алу үшін жылыту маусымына ерте бастан қамданып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.
Еңбек • 24 Қазан, 2024
Жұмысшының жалақысы өсіп, мәртебесі артады
Еңбектің зейнетін көріп отырған аға буын жастарға әуелі адамдықтың, азаматтықтың, адал еңбектің озық үлгісін көрсетті. Еңбегімен еленіп, жұртқа сыйлы болған ардақтылардың ізін азат ойлы, жаңашыл, білімді, іскер әрі шаруаға ширақ, епті буын басып келеді. Олар да еңбек нарығынан өз орнын, еншісін алуға тиіс. Әділетті, ашық қоғамда адал еңбек лайықты бағаланса, еңбекқор жандар төрге шықса, мемлекетке экономикалық әрі идеологиялық жағынан тиімді.
Қоғам • 11 Қазан, 2024
Былтыр шілдеде бірнеше жыл әзірленіп, пысықталған Әлеуметтік кодекс күшіне енді. Осы жаңашылдықтың ізімен жыл ішінде бірнеше игі бастама қолға алынды. Мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсету тәсілдері едәуір өзгерді. Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Деректер цифрландырылды.
Денсаулық • 10 Қазан, 2024
Иммундық жүйені бақылаудың тың жолы
Отандық ғалымдар «Дені сау ұлт» ұлттық бағдарламасы аясында халық саулығын жақсартуға септесетін AI негізіндегі стартап әзірледі.
Қоғам • 10 Қазан, 2024
Мүгедектігі бар адамдардың құқы қаралды
Астанада мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын іске асыру аясында халықаралық семинар басталды. Оған халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Қоғам • 01 Қазан, 2024
Өркениет көшіндегі өрелі жұрттың қариясы да қадірлі болатыны рас. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейтін қазақы таным-түсінікте үлкенді құрметтеп, төрден орын беру – бұлжымас қағида. Мемлекет те қарияларымыздың қамсыз өмір сүруіне барынша жағдай туғызып келеді.
Медицина • 27 Қыркүйек, 2024
Деректер базасын интеграциялаумен іс біте ме?
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медицинада кеше, бүгін айтылып, іске аса бастаған бағыт емес. Осыған дейін талай тәжірибе пысықталды, енгізілді. Мемлекеттік болсын, мейлі жеке болсын ақпараттық жүйелер жетіп-артылады. Бірақ соның өзі саланы дұрыс басқарып, бақылауға, медициналық көмектің сапасын арттыруға жеткіліксіз болып тұр. Пациенттер тиісті медициналық көмекті дер кезінде алмаса, дәрігерге қаралу үшін емханаға жүз барса, сапасына көңілі толмаса медицинаны тиімді деп айтуға келе ме?
Туризм • 21 Қыркүйек, 2024
Бұрын туризм дегенде бірден жағажай, теңіз маңындағы курортты аймақтар еске түссе, кейінгі жылдары, әсіресе пандемиядан соң әлем халықтарының қызығушылығы туризмнің басқа түрлеріне ауа бастады. Бұрын естімеген, естісе де бармаған сыры бүгулі жатқан жұмбақ өлкелер тартымды бола бастады. Басқаны айтпағанда, ел азаматтар да қаладан жерінгенде қыз-қыз қайнаған тіршіліктен жырақ, жазыққа, адам қарасы аз табиғат аясына шығуды дұрыс көреді.
Медицина • 20 Қыркүйек, 2024
МӘМС: тағы да тығырыққа тірелді
Биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қаржылық мәселелер туындады. Мұның салқыны қордан қаржы алып отырған медициналық ұйымдарды да айналып өтпеді. Қазір қор басшылығы мен жергілікті ұйымдар жағдайды ескере отырып, қаржыны үнемдеу жағын да ойластырып жатыр.