Денсаулық • 24 Мамыр, 2025
Денсаулық апталығы қорытындыланды
Газетіміздің өткен санында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бастап, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатқанын хабарлаған едік. Енді, міне, ұлт саулығына, ұрпақ амандығына үндеген апталықтың қорытындысы жарияланды.
Денсаулық • 23 Мамыр, 2025
Ерекше жеткіншекке – қапысыз қамқорлық
Өркениетті қоғам ерекше балаларды алаламай, мүсіркемей, қорған болып, қолдау көрсетуге тиіс. Оның ішінде аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды ерте жастан ата-ана, мемлекет қолдаса, олардың өмірге бейімделуіне мүмкіндік артады.
Елорда • 23 Мамыр, 2025
Көктем шыға еліміздің барлық аймағында жастар, еңбек ұжымдары бастап, қала, аудан тұрғындары қостап, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алды. Тұрғындар ағаш егіп, өз аулаларын абаттандырды, күл-қоқысын шығарды. Тазалаққа шақыратын жалпыхалықтық акциядан Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының тұрғындары да шет қалмады.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Егемендік алған тұстан бері елімізге 1 млн 151 мыңнан астам қандас оралған. Олар қазір әр салада еңбек етіп, елдің руханиятына, экономикасына лепті үлес қосып келеді.
Денсаулық • 21 Мамыр, 2025
Денсаулық – баға жетпес байлық
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйытқы болып, елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтті. Апталық аясында Астанада дөңгелек үстел отырысы болып, бірқатар күрмеулі мәселенің тиегі ағытылды.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Жастарға демеу болған бағдарлама
Кейінгі бес жылда Үкімет қалада үй-күйсіз жүрген талай жас отбасыға қарайласты. Жеңілдетілген шарттармен үйлі болуға мүмкіндік молайды. Соның мысалы ретінде жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын айтуға болады.
Медицина • 16 Мамыр, 2025
Эндоскопияның келешегі талқыланды
Астанада Орталық Азияның ІІ эндоскопиялық форумы басталды. Іс-шараны Қазақстан эндоскопиялық қоғамы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Мамыр, 2025
Ғалымдар Арал тағдырына алаңдаулы
Астанада «Су қауіпсіздігі және трансшекаралық су ресурстарын пайдалану: сын-қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара ARAL саммиті аясында «Байтақ» жасылдар партиясының бастамасымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2025
Платформалы жұмыс – тұрақты табыс көзі
Астана, Алматыда такси жүргізушілері, курьерлер жұмысқа әбден маманданған. Өзінің, отбасының қамы үшін күні-түні еңбек етуден шаршамайтындар платформадағы жұмысын негізгі табыс көзіне айналдырып үлгерді. Осы үрдіс қоғам, жол қауіпсіздігіне, содан соң еңбек нарығына белгілі бір дәрежеде әсер етіп отыр.
Денсаулық • 14 Мамыр, 2025
Репродуктивті денсаулық, жыныстық сауат тақырыбы қоғамда ашық айтылып, көп талқыға түсе бермейді. Отбасын жоспарлау мәселесі де көптің назарынан жиі тыс қалады. Осының салдары ерте жүктілікке, одан да қатерлісі – жыныстық жолмен берілетін инфекцияға ұрындырады. Сол тұрғыда дені сау ұрпақ қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың мән-маңызы ерекше. Қазірде ел көлемінде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйытқы болып, репродуктивті денсаулық апталығы жүріп жатыр.