Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
173 материал табылды

Медицина • 16 Шілде, 2025

«Медициналық сақтандыру жүйелі болуға тиіс»

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) енгізілгелі халықтың медицина қызметіне қояр талабы жоғарылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі кейінгі бес жылда салаға бірқатар өзгеріс енгізді. Соның кейінгісі әрі ауқымдысы цифрландыруға, Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені енгізуге қатысты болды. Бірер күн бұрын Президент МӘМС жүйесін жетілдіретін, медицина қызметінің сапасын тағы да жақсарта түсетін заңға қол қойды. Осы өзгерістердің жөн-жобасын, саладағы басқа да жаңашылдықтардың ретін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал ӘЛНАЗАРОВАМЕН сұхбаттасқанда көңілге түйдік.

Медицина • 15 Шілде, 2025

Дәрі-дәрмекті тіркеу жеңілдейді

Денсаулық сақтау ­ми­нистрлігі ел аумағында дә­рілік препараттарды тіркеу, дәрі-дәрмек айна­­­лы­мындағы рәсімдерді оң­тай­ландыруға кірісті. Көп кешікпей «бір терезе» қағи­даты бойынша қыз­мет ұсыныла бастайды. Бұрын ұзақ уақыт күте­тін жұмыс барынша жедел­дей­ді.

Туризм • 15 Шілде, 2025

«Backstreet Boys» тобы келеді

Жыл басынан бері елімізде шетел әншілерінің қатысуымен 270-тен астам концерт өткен екен. Қонақтарды тартудың бұл бағыты «оқиғалы туризм» деп аталады. Себебі танымал шетел жұлдыздары өнер көрсететін концертке еліміздің әр аймағынан, сондай-ақ көршілес елдерден де көрермен көптеп келетіні белгілі.

Қоғам • 15 Шілде, 2025

Кәсіподақ жұмысшы құқын қорғайды

Астанада Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезі өтті. Онда еліміздегі кәсіподақтардың 2030 жылға дейінгі қызмет стра­­те­гиясы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың реформаларын қолдау туралы саяси қарар қабылданды.

Елорда • 05 Шілде, 2025

Абаттандыру аясында

Астана – ел айнасы. Оның тазалығы мен көркемдігі бүкіл елдің мәдениеті мен тәртібін көрсетеді. Сол тұрғыда қала әкімдігі тазалық пен абаттандыруға ерекше көңіл бөліп келеді.

Медицина • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында жедел жәрдем мобильді бригадаларының жұмыс тәртібі өзгерді. Емхана жанындағы жеделдіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобильді бригадалардың жұмыс қағидаларына өзгеріс енгізілді.

Маман • 19 Маусым, 2025

Қай мамандыққа сұраныс жоғары?

Өткен айда Enbek.kz электронды еңбек биржасында 86 мың бос жұмыс орны мен 110 мың түйін­деме орналастырылыпты. Алдың­ғы аймен салыстырғанда сұра­ныс пен ұсыныстың азайғаны бай­қалады.

Digital • 18 Маусым, 2025

Платформа арқылы оқығандар көбейді

Жыл басынан бері 247,6 мың азамат, оның ішінде 39,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өтіп, оқығанын растайтын сертификат алған. Осы күнге дейін платформаға 791,3 мың адам, оның ішінде жыл басынан бері 292,6 мың адам тіркелген.

Отбасы • 18 Маусым, 2025

Отбасындағы тәрбие – басты негіз

Әлеуметтік мәселелердің ішінде жасөспірімдердің ерте жүктілігі, ерте жыныстық қатынас тақырыбы бала тәрбиелеп отырған барлық ата-ананы ойландырады. Бұрын талқыға түсе бермейтін «жыныстық тәрбие», «жыныстық сауат» ұғымы қоғамда жиірек айтыла бастады. Ойнап жүріп от басқан жасөспірімдердің жағдайы жүрек ауыртады.

Қоғам • 14 Маусым, 2025

Тиімді тәсілдің нәтижесі

Биыл жыл басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында 221,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданған. Нәтижесінде, 116,9 мың адам ешқайда өтініш қалдырмай, жәрдемақы, сондай-ақ басқа да төлемдерді алу мүмкіндігін пайдаланған. Көл-көсір жұмыс отбасының цифрлық картасын іске қосқан соң үйлесім тапты.