
Қоғам • 16 Мамыр, 2025
Платформалы жұмыс – тұрақты табыс көзі
Астана, Алматыда такси жүргізушілері, курьерлер жұмысқа әбден маманданған. Өзінің, отбасының қамы үшін күні-түні еңбек етуден шаршамайтындар платформадағы жұмысын негізгі табыс көзіне айналдырып үлгерді. Осы үрдіс қоғам, жол қауіпсіздігіне, содан соң еңбек нарығына белгілі бір дәрежеде әсер етіп отыр.
Денсаулық • 14 Мамыр, 2025
Репродуктивті денсаулық, жыныстық сауат тақырыбы қоғамда ашық айтылып, көп талқыға түсе бермейді. Отбасын жоспарлау мәселесі де көптің назарынан жиі тыс қалады. Осының салдары ерте жүктілікке, одан да қатерлісі – жыныстық жолмен берілетін инфекцияға ұрындырады. Сол тұрғыда дені сау ұрпақ қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың мән-маңызы ерекше. Қазірде ел көлемінде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйытқы болып, репродуктивті денсаулық апталығы жүріп жатыр.
Маман • 14 Мамыр, 2025
Талай жылдан бері бір дәрігердің ғана кеңесіне құлақ түріп, айтқанына имандай сенетін пациенттер бар. Сол сенімнің арқасында науқастар ауруын асқындырмайды, сәтін салса дертінен құлан таза айығады. Көптің алғысына кенеліп жүрген дәрігерлердің қатарында Астана қалалық №8 емхананың урологі Азамат Жұмашев та бар.
Денсаулық • 13 Мамыр, 2025
Елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр. Іс-шараның өтуіне Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйытқы болды.
Медицина • 07 Мамыр, 2025
Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының медицина мамандары бұрыннан озық технологияларды пайдаланады. Дәрігерлердің біліктілігі жағынан да көп орталықтан көш ілгері. Енді, міне, озық орталықтың жанынан ашылған тағы бір зәулім ғимарат еліміздің онкологиялық ауруларды емдеудегі тәжірибесін молайтады.
Қоғам • 06 Мамыр, 2025
Бейнеттің зейнетін ерте көреді
Елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілген еді. Биыл жыл басынан бері осындай төлем 1940 азаматқа тағайындалған.
Елорда • 01 Мамыр, 2025
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданында жыл сайын тұрғын үйлер жөндеуден өтіп, аулалар абаттандырылады. Қаланың шырайын ашатын нысандар салынады. 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында алғашқы 3 аула жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Сәуір, 2025
Еңбек нарығындағы ахуалды статистикаға, зерттеулерге қарап болжағанмен, дәлме-дәл есебін шығару қиын. Жұмысшы мамандығын игерген жастардың бір бөлігі екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүрсе, жұмыс берушілер маман тапшы деп дабыл қағудан жалықпайды. Бір қарағанда, қалыптасқан жағдайдың қайшы тұстары көп. Екінші жағынан, мәселе оқыған маманның емес, шын білікті маманның тапшылығына тіреліп тұрғанын аңғару қиын емес.
«Таза Қазақстан» • 29 Сәуір, 2025
Астанада ауқымды экофестиваль өтіп, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының қорытындысы шыққаны белгілі. Соған сәйкес, экологиялық бастамаға осы күнге дейін қатысқандардың саны 6 миллион адамнан асты. Бұл дегеніңіз, әрбір үшінші отандасымыз тазалық сақтауға үндейтін бастамадан құр қалмады деген сөз.
Тәрбие • 26 Сәуір, 2025
Табиғатты аялау балабақшадан басталады
Экологиялық мәдениет, қоршаған ортаға жанашырлық – тәрбиеден. Табиғатты аялап, қызғыштай қоруды балалар балабақшадан түйсінсе, келешекте жадынан шығармайды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектепке дейінгі ұйымдарда іске асып жатқан «Жасыл балабақша» жобасының мақсат-мұраты осы түсінікпен үндеседі.