Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
216 материал табылды

Жоба • 15 Тамыз, 2025

Халыққа қолайлы әлеуметтік жоба

Ел азаматтарына көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері қолжетімді әрі жариялы болғаны дұрыс. «Әлеуметтік әмиян» – осыны барынша үйлестіріп, жолға қоятын жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Үкіметке жобаны мерзімінен кешіктірмей орындауды тапсырған еді.

Медицина • 13 Тамыз, 2025

МӘМС-тің мәселесі шешілді ме?

Өткен айда Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойған еді.

Мирас • 02 Тамыз, 2025

Қазақ тазысы халықаралық көрмеге қатысады

Қазақ тазылары Финляндия астанасы Хельсинкиде өтетін WDS 2025 Дүниежүзілік ит көрмесіне аттанды. Қазақстан кинологтер одағының мүшелері, тазы қожайындары сапарға «Бәйтерек» мону­ментінің алдынан жол тартты.

Медицина • 01 Тамыз, 2025

Туберкулезді емдеудің тың әдісі

Ресми статистикаға сүйенсек, елімізде кейінгі 10 жылда туберкулезге қатысты эпидемиологиялық жағдай әжептеуір жақсарған. Қуантарлығы, аурудың осы түрін емдеу, диагностикалау медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін. Яғни туберкулезге шалдыққан пациенттің МӘМС-ке тіркелген-тіркелмегені маңызды емес.

Тұлға • 01 Тамыз, 2025

Даңқты балуандарды шыңдаған бапкер

Күрес шеберлері, бапкерлері арасында Қадыркен Қожанов есімін білмейтіндер кемде-кем. Замамында бозкілемде мерейі үстем болған балуан спорттағы жетістігін бапкерлікпен ұштастырған еді. Астанадағы аға буын балуандар, жат­тық­тырушылар оны «Ақмола төңірегінде еркін күрестің мәртебесін биіктеткен тұлға» деп бағалайды.

Мирас • 30 Шілде, 2025

Тазының бабын білген бағасын да біледі

Тазы мен төбетті қорғауға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінген соң қазақ иттеріне ел азаматтарымен қоса, шетелдіктер де қызыға бастады. Халықаралық кинология федерациясы (FCI) қазақ тазысын мойындап, стандарттары нақтыланды.

Сұхбат • 26 Шілде, 2025

Қазақ тазысы: жаһанға танылу жолы

7-10 тамыз күндері Финлян­дия астанасы Хельсинкиде «World Dog Show-2025» бүкіл­әлемдік иттер көрмесі өтеді. Мұнда тұңғыш рет FCI аясында алдын ала мойындалған тұқым ретінде қазақ тазысы ресми түрде таныс­тырылады. Тазы тұқымының пайда болуы мен таралу тарихы, ерекшеліктері, артықшылықтары, бағым-күтімі жан-жақты баяндалады. Көрме төрінде ақшаңқан киіз үй тігіліп, «Қазақ тазысына» арналған стенд, көр­некіліктер қойылады. Тақырыпқа қатысты ақпараттық буклеттер, кәдесыйлар қонақтарға таратылады. Басты мақсат – тұқым­ның халықаралық мәртебесін нығайту, «Kazakh Tazy» брендін кеңінен насихаттау. Тазы – халқымыздың бірегей қазынасы, дала азаматының сенімді серігі, жүйріктігімен, ақылдығымен, сабырлылығымен ерекшеленетін асыл тұқымды ит. Желмен жарысқан жүйрік, шапшаң қозғалып, аңды алыс­тан көріп, ізіне түсіп ұстайтын ілкімді жаратылыс. Түлкі, қоян, қарақұйрық секілді аңдар­ды ұстауға пайдаланылады. Адамға тез бағынады, талап пен сенімнің арасын жақсы ажыратады. Хал­қымыз асылдығын айрықша бағалап, «жеті қазынаның бірі» деп атаған. Батырлар жырында, ертегілер мен аңыздарда тазы бейнесі сомдалған. Бүгінде тазы саны күрт азай­ған. Сондықтан оны асылдандыру, қорғау, көбейту мәселесі күн тәр­тібіне шықты. 2023 жылы қазақы тазы мен төбет ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізімі­не енді. Соның негізінде ар­найы көрмелер мен байқаулар жиі өткізіліп, қоғам назарын аударды. Тазының еліміздегі және жаһандағы тағдыры, таны­малдығы бәрімізге байланыс­ты. Ең бастысы, мемлекеттік көз­­­қарас айқын. 

Құтқарушы • 26 Шілде, 2025

Құтқарушылардың қоныстойы

Астана қаласындағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде салада ұзақ жылдар бойы қалтқысыз, адал еңбек еткен құтқарушыларға пәтер кілті тапсырылды. Дәл осы күні азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері қызметтік автокөлікпен толықты.

Қоғам • 25 Шілде, 2025

Шипажайға жолдама алудың тиімді тәртібі

Қазір санаторий, курортқа жолдама беру тәртібі электронды форматқа ауысқан. Цифрлық жүйеден хабары жоқ қала, ауылдың егде жастағы тұрғындары жолдама алу үшін түрлі мекемені жағалап, көмек сұрайды. Сөйтіп жүргенде жолдама түгесіледі. Есесіне, өтінішті бірінші болып үйден толтырғандардың бағы жанады. Сырқаттанбай тұрмайтын қариялар кейінгі жылдары осындай кедергіге кездесіп қалып жүр.

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025

Акция ауқымы кеңейе түсті

Еліміздің барлық аймағында тұрғындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бір кісідей қатысты. Қала, ауыл жұртшылығы, еңбек ұжымдары тонналап қоқыс шығарып, өзгелерге тазалық сақтаудың озық үлгісін көрсетті. Жаңа тұжырымдама шеңберінде былтыр және биылғы алты айда 874 экологиялық іс-шара өтті.