Қоғам • Бүгін, 07:50
Елордада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі» атты қалалық Әкелер форумы өтті. Жиында отбасы құндылығын нығайту, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі мен қоғамдағы әкелік институтты күшейту мәселесі талқыланды.
Үкімет • Бүгін, 07:40
Трансшекаралық су мәселесі реттеледі
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, жиында күн тәртібіндегі алты мәселе қаралды. Бұған қоса депутаттар халықаралық тасжолдардағы жылдамдық режімі, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, елдегі кәсіби мерекелер санын қайта қарау, экологияны қорғауға қатысты бірқатар проблеманы қаузап, салаға жауаптыларға сауалдарын жолдады.
Білім • Кеше
Ұлттық білім беру платформасы Қазақстанға не үшін қажет?
Биыл Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау біріңғай білім беру платформасы арқылы жүзеге асып жатыр. Жыл сайын жүйелерге түсетін жоғары жүктеме мен мәліметтердің шашыраңқылығы білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіндегі ең күрделі мәселелердің бірі болып келді. Ал биыл іске қосылған OQU ұлттық білім беру платформасы арқылы ата-аналар құжаттарды онлайн режимде санаулы минутта тапсыра алады. Дегенмен, бұл ауқымды өзгерістердің бір бөлігі ғана.
Партия • 16 Маусым, 2026
«Ақ жол» партиясында – жаңа төраға
Он бес жылға жуық «Ақ жолды» басқарған Азат Перуашев өз өкілеттігін тоқтатты. Енді саяси қозғаушы күшке Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүрген Дания Еспаева жетекшілік етеді. Осылайша, ол тәуелсіз ел тарихында партияның тізгінін ұстаған алғашқы әйел төраға атанды. Бұл ауыс-түйіс ұйымның кезектен тыс съезінде шешілді.
Саясат • 12 Маусым, 2026
Мәжіліске Қырғыз Парламентінің спикері келді
Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Марлен Маматалиев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Үкімет • 11 Маусым, 2026
Бюджетте әлеуметтік салаға басымдық берілді
Мәжілісте былтырғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептері талқыланды. Бюджет қаражаты қаншалықты тиімді жұмсалды? Елдегі экономикалық өсімді халық сезінді ме?
Саясат • 09 Маусым, 2026
Ортақ мақсатқа жұмылуға шақырды
Астанада Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен партия Саяси кеңесінің отырысы өтті. Жиын қорытындысында мемлекеттегі барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында күш біріктіріп, жұмыла жұмыс істеуге шақырған мәлімдеме қабылданды.
Елорда • 06 Маусым, 2026
Дамуы уақытпен жарысқан елорданың негізгі қуаты – жастар. Жасампаз идеяға толы олар Астананың тыныс-тіршілігіне жаңаша серпін беріп келеді. Волонтерлік қозғалыстағы белсенділігімен қатар, шағын және орта бизнестегі үлесі, ғылым мен инновация саласындағы жобалары бас қаланың әлеуметтік-экономикалық тамырына қан жүгіртіп отыр.
Саясат • 05 Маусым, 2026
Мәскеудегі мемлекеттік рәміздер шарасы
Мәскеуде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Еліміздің Ресей Федерациясындағы елшілігінде өткен іс-шарада тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қонақ болды.
Саясат • 04 Маусым, 2026
Алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады
Мәжіліс қабылдаған заң жобасына сәйкес, жаңа Конституцияның қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша жауаптылық жеңілдетіледі. Алдын ала есепке сүйенсек, рақымшылық шаралары 16,5 мыңға жуық сотталған азаматқа, 1 миллионға жуық әкімшілік айыппұлға қатысты қолданылады. Жалпы сомасы 21,1 миллиард теңге айыппұл есептен шығарылмақ. Дегенмен құжатта қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық қылмыстары рақымшылықтан тыс қалатыны нақты белгіленген.