Заң мен Тәртіп • 03 Қазан, 2025
«Қарызсыз қоғам» жобасы: Қаржылық еркіндікке қадам
Елдегі әр екінші азаматтың мойнында несие бар. Ал 1,5 млн адамның банк шоты берешекке байланысты бұғатталған. Ресми дерекке сүйенсек, халықтың жалпы қарызы 26 трлн теңгеден асып жығылады. Байқасақ, көпшілігі тапқан табысын алдымен несиені өтеуге, қалғанын күнделікті шығынға әрең жеткізеді. Кейде амалсыз оны да несиемен жамайды. Осылай қарыз қамытын киген жұрт күйзелісте өмір сүріп жатыр. Бұл әлеуметтік түйткілдің түйіні қалай тарқайды?
Үкімет • 02 Қазан, 2025
ТМД радиоактивті материалдарды тасымалдауға бақылауды күшейтті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Жиында депутаттар ТМД елдерінде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау және Қазақстан мен Түрікменстан үкіметтері арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялады.
Мәдениет • 30 Қыркүйек, 2025
Мәдени мұраны сақтау жолындағы маңызды қадам
ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі 2003 жылғы Конвенциясын жүзеге асыруға арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қыркүйек, 2025
Елордада «Мюзикл әлеміне саяхат» өтті
«Astana musical» мемлекеттік театры оныншы маусымдық мерейтойына орай «Мюзикл әлеміне саяхат» атты арнайы мерекелік кеш өткізді. Көрермен назарына мюзиклдерден таңдалып алынған ең үздік көріністер, сахна шеберлерінің қатысуымен өтетін ерекше қойылымдар, хореографиялар мен естен кетпес музыкалық тосынсыйлар ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 17 Қыркүйек, 2025
Жаһандық бейбітшілікті бекемдейтін бастама
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында съезд хатшылығының XXIII отырысы өтті. Онда ортақ миссияға табан тіреген түрлі дін өкілдері алдағы VIII съезге және форумның Ізгі ниет елшілерін сайлауға қатысты мәселелерді талқылады.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызметшілер пікірсайыста бас қосты
Мемлекеттік қызметшілер пікір сайыс алаңында тартысты. Дебат «Қоғам дамуының негізі – еліміздің ұлттық құндылықтары» тақырыбында өтті. Іс-шара елордада Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігінің қызметкерлерінен құралған екі команданың қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 12 Қыркүйек, 2025
Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өз жұмысын бастады. Шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация да қатысты. Осымен он бірінші рет өткізіліп отырған форум ашық диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға арналған бірегей алаңға айналды.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2025
«Жаңа адамдар» қоғам мүддесін көздейді
Президент Жолдауда қоршаған ортаға жанашырлықпен әрі жауапкершілікпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек деген еді. Сондай-ақ ол осы жұмысқа атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе жастарға ризашылығын білдірді. Табиғатты қорғауда іркілмей, көпке үлгі болғандардың қатарында «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері де бар. Олар экологиялық мәселелерді шешуде креативті тәсілге ден қойған.
Саясат • 11 Қыркүйек, 2025
Қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі
Пәкістан тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Делегация құрамында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев және мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор өкілдері болды.
Саясат • 05 Қыркүйек, 2025
Әріптестік ынтымақтастықты дамыту маңызды
Мәжіліске Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгалан бастаған делегация келді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар парламентаралық байланысты нығайту жайын талқылап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.