
Жастар • 26 Шілде, 2025
Бүгінде елордада 481 мың жас өмір сүреді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мың адамға артқан. Оның үстіне қаладағы 16 жоғары оқу орнында 95 мыңнан аса студент білім алып жатыр. Осы санаттағы азаматтардың дамуы мен әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар, жобалар мен бағдарламалар олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік белсенділігіне және кәсіби өсуіне серпін беріп келеді.
Сұхбат • 26 Шілде, 2025
Мәнсия ЕСЕКЕЕВА: Экологиялық мәдениетке бетбұрыс күшейіп келеді
Жазғы уақытта жастарды еңбекке баулитын «Жасыл ел» жасағының жұмысы қыза түсті. Жыл сайын ұйымдастырылатын маусымдық жұмыста азаматтар елді көгалдандыру мен абаттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісіне атсалысады. Осыған орай жобаның жай-жапсарын білмекке Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Мәнсия Есекеевамен әңгімелескен едік.
Жастар • 24 Шілде, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігі бірінші жартыжылдықтағы негізгі нәтиже бойынша қорытындыларды ұсынып жатыр. Осы ретте мемлекеттік жастар саясатын дамытудың басты бағыттары таныстырылды. Бұл саясаттың негізгі мақсаты – жастардың өзекті мәселелерін шешу және оларға жаңа мүмкіндіктер жасау.
Заң мен Тәртіп • 22 Шілде, 2025
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қалай қорғалады?
Ел дамуының басты қозғаушы күші – әділ әрі сапалы мемлекеттік басқару секторы. Ал осы жүйенің негізі – өз ісіне адал, білікті мемлекеттік қызметшілер. Жауапкершілік жүгін арқалаған бұл мамандардың құқығы қалай қорғалады?
Заң • 17 Шілде, 2025
Осал топтарды қарызданудан қалай қорғаймыз?
Әлеуметтік теңдік – зайырлы мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Әсіресе қоғамның осал топтарының құқығын қорғау, оларды қолдау, ортаға бейімдеу өркениетті елдің өлшемі саналады. Алайда кейінгі жылдары Қазақстанда осы санаттағы азаматтар қаржы ұйымдарының қысымынан зардап шегіп жатыр. Бұған не себеп?
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Данабек Исабек жұмыс сапарымен Шымкент қаласындағы «Ізетті зейнеткер» мекемесіне барып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. 2023 жылдың 1 қарашасында ашылған мекеме зейнет жасындағы азаматтарға қысқа мерзімде демалу және ем алу мүмкіндігін ұсынады.
Саясат • 10 Шілде, 2025
Депутаттардың өңірлерге сапары жалғасып жатыр. Мәжіліс депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев Ақтөбе қаласындағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордасының құрылысы барысын бақылады.
Қоғам • 09 Шілде, 2025
Халық игілігіне бағытталған жобалар
Мәжіліс депутаттары, «Amanat» партиясының мүшелері Айдос Сарым мен Сергей Пономарев Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы су тарту және тазарту стансасының жұмысымен танысты.
Саясат • 04 Шілде, 2025
Ақмола өңіріне жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылыс барысымен танысты. Денсаулығын қалпына келтіріп, толыққанды өмірге оралуға мұқтаж мыңдаған азаматқа қолдау болатын орталық Көкшетау қаласында «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатыр.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Жыл сайын каникулға кетер алдында облыстарды аралауды дәстүрге айналдырған халық қалаулылары бірқатар нысанға барып, сайлаушылармен кездесіп, түрлі жиынға қатысады. Осылайша, жұртпен тілдесіп, өңірдегі проблемаларды өз көзімен көріп, тиісті органдарға жеткізуге бастамашы болады.