Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
355 материал табылды

Digital • 22 Қаңтар, 2025

Керек дерек

eGov.kz порталын пайдаланушылар көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы енді онлайн ала алады.

Таным • 22 Қаңтар, 2025

Ғалам ғажаптары: Қар тазалаушы робот

Кешеден бері Астанада ақ боран. Ауланы, жолды қар басып, жүріс-тұрыс қиындай түсті. Қар тазалаушылар таңнан бері тынымсыз жұмыс істеп жатқанда, «Yarbo» компаниясы қар тазалаушы роботын таныстырып үлгерді.

Технология • 16 Қаңтар, 2025

Жасанды интеллект: алар еншіміз қандай?

Елімізде «Alem.AI» жасанды интеллект ұлттық орталығын құру баста­масы қолға алынды. Бұл – еліміздегі цифрлық экономиканы дамыту­дағы маңызды қадам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында аталған бастаманың страте­гиялық маңызын атап өтіп, Үкіметке нақты тапсырмалар берген еді.

Digital • 09 Қаңтар, 2025

Жасанды интеллект дамуының маңызды кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында жасанды интеллектінің болашағы зор екенін атап өтті. «Таяу жылдарда жасанды интеллект өте қарқынды дамып, жұрттың өмір туралы ұғымын, тіпті тұрмыс-тіршілігін де түбегейлі өзгертетінін ескерген жөн. Милы машиналар, яғни интеллектісі жағынан адамды он орайтын роботтар пайда болатын күн алыс емес», деді. Иә, былтыр чат-боттар қарқынды дамып, әртүрлі салаға дендеп енген болса, осы жылы жасанды интеллект агенттері күнделікті өмірде жиі қолданылады.

Технология • 31 Желтоқсан, 2024

Жасанды интеллект: жетістікке апарар жол

Елімізде жасанды интеллект саласын дамытуға ден қойылды. Жаңа технологияларды енгізуге арналған бірқатар ірі жоба жүзеге асып, саланың дамуына серпін беретін маңызды бастамалар қолға алынды. «Oxford Insights» ұйымының дерегінше, жасанды интеллектіге дайындық индексі бойынша Қазақстан 193 елдің арасында 72-орынға тұрақтаған.

Технология • 18 Желтоқсан, 2024

Ақылды технология су тапшылығының алдын алады

Елімізде су тапшылығы жыл өткен сайын күрделеніп, көптеген салаға әсерін тигізіп жатыр. Елдегі өзен ағысының 44%-ы шет мемлекеттерде қалыптасатындықтан трансшекаралық су ресурстарына тәуелділік артып, жағдай одан әрі қиындап отыр. Болжамдарға сүйенсек, 2030 жылға қарай су тапшылығы 15%-ға жетуі мүмкін, ал жаңартылатын су қорлары 40%-ға дейін азаяды. Сарапшылардың сөзінше, су тапшылығының салдарын жеңілдету үшін жаңа технологияларды қолдану қажет.

Digital • 07 Желтоқсан, 2024

Криптоиндустрияның күнгейі мен көлеңкесі

Криптоактив, криптовалюта, стейблкоин, токендер, блокчейн технологиясына негізделген басқа да құралдар кейінгі жылдары жаһандық қаржы жүйесінің маңызды бөлігіне айналды. Биылғы тамыз айындағы деректер бойынша, криптоактивтердің әлем нарығындағы айналымы 2,2 триллион долларды құраған. Ұлттық банктің зерттеуінше, елімізде криптовалютамен айналысатындардың саны кейінгі екі жылда екі есе өскен. Олардың көбі заңсыз жолмен пайда табады. Бұл салаға қызығушылық артқан сайын жаңа мүмкіндікпен қатар қауіп-қатер де көбейе түсті.

Ғылым • 04 Желтоқсан, 2024

Ғарыш өндірісінің қарқыны

Алғашқы жасанды жер серігін ұшыру, Юрий Гагариннің сапары, АҚШ-тың Айға адам қондыруы ғарыш саласының бастауындағы ірі жетістіктер болды. Бұл тарихи оқиғалар адамзаттың ғарышқа деген қызығушылығын арттырып, зерттеу бағытын басқа арнаға бұрды. 30 жылға жуық ғарыш бағдарламалары мемлекеттік құрылымдардың қолында болды. NASA мен «Роскосмос» сияқты агенттіктер халықаралық ықпалын нығайта түсті. Алайда ХХІ ғасырда ғарыш индус­триясында жеке компаниялар келіп салаға серпін берді.

Білім • 27 Қараша, 2024

Сабақ уақытын қысқарту керек пе?

Қыс мезгілінде күн ерте батады. Уақыт белдеуі өзгергендіктен, қазір тіпті сағат төрттің шамасында қас қараятын болған. Бұл, әсіресе мектеп оқушыларына қиындық тудырып отыр. «Баламыз тас қараңғыда үйге аман-есен жете ме» деп алаңдайтын ата-ана көп.

Digital • 22 Қараша, 2024

«Soyle App» қосымшасы қолданысқа дайын

Еліміздің цифрлық дамуы мен жасанды интеллект саласындағы кезекті ірі жетістігі – «Soyle App» қолданбасы. Бұл қолданба – сөз тану, мәтінді сөзге айналдыру, аудару қызметтерін біріктірген отандық бағдарлама. Жобаны Назарбаев университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) мамандары жасап шықты.