Технология • 14 Наурыз, 2026
«Mangitas» деректен шашау шығармайды
Жасанды интеллект пен цифрландыру саласын дамытудың негізі – елдің ғылыми әлеуетін арттыру. Бұған дейін бұл бастамалар есептеу қуатының жетіспеушілігіне байланысты кенжелеп келген. Алайда мемлекет осы бағытқа басымдық беріп отырғандықтан, қуатты ЖИ суперкомпьютерлерін іске қосып, мәселені шешті. Күрделі инфрақұрылымды басқаруға қабілетті кадрлық және техникалық база қалыптастырды. Жаңадан жасалған фундаменталды модельдер мен ЖИ дата-орталықтар инфрақұрылымын қолдануға баса назар аударып жатыр. Қазіргі кезде нәтижелі жұмыс істеп жатқан орталықтардың бірі – «Nazarbayev university» жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты.
Digital • 11 Наурыз, 2026
Бүгінде елімізде 2000-нан астам шағын жинақты мектеп жұмыс істейді. Бұл – ауылдағы білім жүйесінің тірегі болғанымен, кадр тапшылығы мен пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі секілді мәселелер әлі де өзекті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында ЖИ-дің білім жүйесінде де басымдыққа ие болуы қажеттігін атап өткен еді. «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзыретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс.
Ғылым • 28 Ақпан, 2026
Ғылым саласындағы жасанды интеллект
Алматыда «AI SilkNet» Қазақстан-Корея жасанды интеллект орталығы ресми ашылды. Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден – шешімдерге» атты стратегиялық сессия аясында іске қосылған жаңа орталық елдегі ғылыми-технологиялық саясатты деректер мен жасанды интеллект негізінде басқаруға бағытталған алғашқы ұлттық платформа.
Білім • 19 Ақпан, 2026
Мектептегі қағазбастылық мәселесі көп жылдан бері білім жүйесіндегі шешілмейтін түйінге айналды. Мұғалімдер құжат пен есепке көп уақыт жұмсайтынын айтса, жас мамандар жұмысқа бейімделе алмай саладан кетіп жатыр. Ал Оқу-ағарту министрлігі цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы оқу барысын жеңілдетуге тырысып жатқанын алға тартады.
Ғалам ғажаптары • 07 Ақпан, 2026
Көп жерде дене қалпын жақсы сақтау үшін күніне 10 000 қадам жүру керек деген кеңес айтылады. Бірақ бұл – сан нақты ғылыми негізі бар талап емес, маркетингтің миымызға сіңіргені.
Ғалам ғажаптары • 07 Ақпан, 2026
Ежелгі гректер алыс жерге хабар жеткізу үшін су телеграфы деп аталатын тәсілді қолданған. Бұл – жарық белгісі мен су деңгейіне негізделген ерекше жүйе.
Ғалам ғажаптары • 07 Ақпан, 2026
«Microsoft»-пен мәмілеге келген
2003 жылы веб-дизайнға әуестеніп жүрген мектеп оқушысы Майк Роу «mikerowesoft.com» деген доменді тіркейді. Домен атауы дыбысталу жағынан «Microsoft» атауына өте ұқсас болғандықтан, корпорация оны тауар белгісін заңсыз пайдаланды деп сотқа береді.
Сұхбат • 06 Ақпан, 2026
Жаслан Мәдиев: Цифрландыру – экономиканың қозғаушы күші
Биыл «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жарияланды. Бұл шешім елдің цифрлық дамуына серпін беріп қана қоймай, жасанды интеллектіні мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруды көздейді. ЖИ-ді экономикаға, мемлекеттік басқаруға, әлеуметтік салаларға енгізу, цифрлық инфрақұрылымды күшейту, шалғай өңірлерді интернетке қосу және деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бастаманың басты өзегі. Осы ауқымды күн тәртібі аясында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев еліміздің жасанды интеллектіні дамытудағы стратегиялық басымдықтары, цифрлық саясаттағы жаңа қадамдар, маман даярлау мен заңның қабылдануына қатысты сауалдарымызға жауап берді.
Ғалам ғажаптары • 06 Ақпан, 2026
Зұлқайыр Мансұров – елімізде нанокөміртек материалдары бағытының негізін қалаған ғалымдардың бірі. Зерттеуші суық жалынды күйе түзілуі құбылысын ашып, көмірсутектердің жану үдерісі туралы ғылыми түсінікті дамытты.
Ғалам ғажаптары • 06 Ақпан, 2026
Әділет Имамбеков – Гарвард университетінде оқыған әрі PhD қорғаған алғашқы қазақ. Оның ғылыми еңбектері әлі күнге дейін өзекті.