Жасанды интеллект • 20 Қараша, 2025
ЖИ саласына серпін беретін заң
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды. Еліміз әлемде мұндай кешенді реттеу тетігін алғаш қабылдаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Бұл құжат ЖИ арқылы жасалған контентті міндетті түрде белгілеуді, азаматтардың жеке деректерін қорғауды, ақпараттық манипуляцияға жол бермейтін тетіктерді қамтиды. Сарапшылардың айтуынша, жаңа заң цифрлық қауіпсіздік пен жауапкершілік мәдениетін күшейтеді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 19 Қараша, 2025
Жұмысшы мамандықтарының әлеуеті зор
Елордада «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Болашақтың жұмысшы мамандықтары» форумы өтті. Ауқымды іс-шараға техникалық және өндірістік салаларға қызығушылық танытатын, кәсіби өрлегісі келетін бес жүзден астам жас қатысты. Қатысушылар сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат алып, сарапшылардың кеңесін тыңдады. Сондай-ақ Астанадағы жетекші жұмыс берушілермен пікір алмасып, заманауи өндірістің қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көрді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, жастардың қызығушылығын арттыруға тапсырма берген. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», деген еді Президент. Аталған іс-шара осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.
Ғалам ғажаптары • 19 Қараша, 2025
Қарғаның есте сақтау қабілеті бар
Ғалымдар қарғаның ойлау жүйесі кейбір маймылдардан да жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Ең қызығы – қарғалар адам жүзін есте сақтап қалады.
Ғалам ғажаптары • 19 Қараша, 2025
Көбелек туралы біздің танымымыз көбіне оның нәзік сұлулығымен шектеледі. Алайда ғылым бұл жәндіктің тылсым қабілеттерін әлі толық аша алған жоқ.
Ғалам ғажаптары • 19 Қараша, 2025
Тақырыпты оқып, бұл әлдебір ерекше қуатты темір технология туралы деп ойлаған шығарсыз. Алайда әлемдегі ең қуатты дерекқор – адам.
Ғалам ғажаптары • 18 Қараша, 2025
Әлемдегі ең биік тау Гималайда болса да, ғарышқа ең жақын нүкте Эквадордағы Чимборасо шыңы.
Ғалам ғажаптары • 18 Қараша, 2025
1986 жылы Кливлендте қала имиджін көтеру мақсатында аспанға 1,5 млн гельді шар ұшыру флешмобы ұйымдастырылады. Алайда бұл тарихтағы ең сәтсіз әрі зиянды флешмоб ретінде есте қалды.
Ғалам ғажаптары • 18 Қараша, 2025
«Microsoft» жасанды интеллект суперфабрикасын ашты. Енді алып модельдерді бұрынғыдан да жылдам үйретеді.
Руханият • 15 Қараша, 2025
Терминография: бүгіні мен болашағы
Астана қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп «Терминография: теория, практика және даму бағыттары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Конференцияда сала мамандары терминологиялық жұмыстың теориялық және тәжірибелік аспектілерін талқылап, терминологиялық деректер қорын цифрландыру тетігін жетілдіру мен ұлттық терминқорды дамыту жолдарын айқындау мәселелерін талқылап, өз шешімдерін ұсынды. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов төрағалық етті.
Ғалам ғажаптары • 15 Қараша, 2025
Марста алғаш рет табиғи жерасты үңгірлері табылды.