Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
1964 материал табылды

Ғалам ғажаптары • 12 Қараша, 2025

«Starlink» пайдаланушылары көбейді

«SpaceX» компаниясының «Starlink» жобасы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен өсіп келеді. Спут­никтік интернеттің белсенді пайдаланушыларының саны 8 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш небәрі жарты жыл бұрын 6 миллион болған.

Ғалам ғажаптары • 12 Қараша, 2025

Әлеуметтік желілерге тыйым салады

10 желтоқсаннан бастап Аус­тралия әлемде алғаш болып әлеумет­тік желілерге жас шектеуін енгізеді. Енді 16 жасқа толмаған аустра­лиялықтар «Facebook», «Instagram», «TikTok», «Snapchat», «YouTube», «X», «Threads», «Reddit», «Kick» платформаларына кіре алмайды.

Ғалам ғажаптары • 12 Қараша, 2025

Ақылды орындық

«Toyota» компаниясы жасанды интеллектпен жабдықталған ерекше «Walk Me» атты төртаяқты орындық жасап шығарды.

Digital • 08 Қараша, 2025

Цифрландыру саласындағы серпін

Елімізде 10 қараша Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні ретінде бекітілген. Салада табанды еңбек етіп жүрген мамандардың арқасында цифрландыру бағытында нәтижелі еңбектер баршылық. Кейінгі жылдары Қазақстан IT-индустрияны дамытуда айтарлықтай серпіліс жасап, экономиканың жаңа драйверіне айналып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылы елдегі IT-компаниялардың саны 16 пайызға өсіп, 18 683-ке жеткен. Бұл көрсеткіш саланың кеңейіп, инновациялық жобалардың артып келе жатқанын аңғартады.

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жақында Парламент «Жасанды интеллект туралы» және онымен байланысты ілеспе заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл заң – еліміздің цифрлық даму бағытын нақты құқықтық негізге көшіру жолындағы маңызды қадам. Заң 7 тараудан, 28 баптан тұрады. Құжатта «жасанды интеллект», «жасанды интеллект жүйесі», «модель», «деректер кітапханасы», «синтетикалық нәтиже» сияқты ұғымдарға алғаш рет ресми анықтама берілді. Бұдан өзге қандай бағыттар қамтылды, шолып шықтық.

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Бельгияның Антверпен қаласында 2003 жылы айласына адам таңға­ларлық ұрлық жасалады. Бірақ бір ғана қателік оларды әшкере қылады.

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

1919 жылдың қаңтарында АҚШ-тың Бостон қаласында тарихтағы ең ерекше апат болған. Көшелерді су емес, тәтті шәрбат басып кетеді.

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Шелек соғысы

Қызық, тарихтағы көп соғыс болмашы ғана дүниеден басталған екен. Мысалы, 1325 жылы Италияның Модена мен Болонья қалалары арасын­дағы соғысқа шелек себеп болған.

Ғалам ғажаптары • 07 Қараша, 2025

Жалғыз картина сатқан суретші

Бүгінде әлемдік өнердің рәмізіне айналған Винсент Ван Гог тірі кезінде ондай даңққа ие болмаған. Постимпрессионизмнің ұлы өкілі өз дәуірінде кедейшіліктен көз ашпай, қоғам тарапынан қолдау таппаған еді.

Ғалам ғажаптары • 07 Қараша, 2025

Күдікке ілінген Пикассо

1911 жылдың 21 тамызында Париждің ең басты мәдени қазы­насы – Леонардо да Винчидің әйгілі «Мона Лиза» картинасы Лувр музейінен қолды болады. Қызығы, бұл істегі бас­ты күдікті – Пабло Пикассо.

Яндекс.Метрика