Ғалам ғажаптары • 10 Қаңтар, 2026

Сингулярлық кезең

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Илон Маск 2026 жыл жасанды интеллект адам мүмкіндігін сандық тұрғыда емес, сапалық деңгейде басып оза бастайтынын мәлімдеді. Яғни ЖИ тек жылдамырақ есеп­тей­тін құрал емес, ойлау, шешім қабылдау, бейімделу жағынан да адамнан алда болады.

Сингулярлық кезең

Сурет ашық дереккөзден алынды

Алайда көптеген зерттеуші мен футурологтер технологиялық сингулярлыққа 2045 жылдар шамасында ғана жетеміз деп санайды. Ал Маск болса, керісінше, серпіліс әлдеқайда жылдам жүріп жатқанын айтады. Оның сөзінше, кейінгі жылдары іргелі модельдердің, автономды жүйелердің және өздігінен үйренетін алгоритмдердің дамуы бұрын-соңды болмаған қарқында.

 

Соңғы жаңалықтар

Грозныйда АСА турнирі өтті

Спорт • Бүгін, 11:30