Әлем • Бүгін, 21:47

Париж апелляциялық соты 228 адам құрбан болған апатқа Air France пен Airbus-ты кінәлі деп тапты

1 мин
оқу үшін

Сот авиакомпания мен ұшақ өндірушісін апатқа «кінәлі және толық жауапты» деп шешті. Адам өліміне соқтырған немқұрайлылығы үшін аталған компаниялардың әрқайсысы 225 мың еуро айыппұл төлеуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz

Париж апелляциялық соты 228 адам құрбан болған апатқа Air France пен Airbus-ты кінәлі деп тапты

Фото: BRAZILIAN NAVY

2009 жылдың 1 маусымында Рио-де-Жанейродан Парижге ұшқан AF447 рейсі Атлант мұхитында апатқа ұшырады. Оның бортында 228 адам болған.

Air France пен Airbus компаниясы қателекті ұшқыштардан көрді. 2023 жылы олардың ісі ақталды. Алайда прокурорлар оған шағым білдірді. Қаза тапқан адамдардың туыстары жалдаған  адвокаттар техникалық мәселелер бар екенін, ұшқыштардың дайындығы жеткіліксіздігін аталған компаниялардың білгендігін алға тартты. Апелляциялық сот осы жолы оларды барлық мәселелер бойынша кінәлі деп тапты.

Соңғы жаңалықтар