Қоғам • Бүгін, 21:14

Павлодар облысындағы зауыттан құны 10 млн теңге болатын металл ұрланды

1 мин
оқу үшін

Полиция өндірістік нысанның аумағынан түнде жүк көлігімен  түсті металл ұрлап әкеткен үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар облысындағы зауыттан құны 10 млн теңге болатын металл ұрланды

Бірнеше мекен-жайды тінту барысында тәртіп сақшылары ұрланған заттарды тасымалдайтын автокөлік пен байланыс құралдарын тәркіліп және оны өткізетін орынды анықтаған.

Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Қазір полиция олардың аймақтағы осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар