
Экономика • 28 Желтоқсан, 2024
Мемлекеттерді байланыстыратын транзиттік дәліз
Еліміз Еуразия кеңістігінде басты көлік-логистикалық хабқа айналуға талпынып отыр. Оған негіз де жоқ емес. Ел аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді (5 теміржол, 8 автомобиль жолы). Осы бағыттар арқылы былтыр 32 млн тонна транзиттік жүк тасымалданса, биылғы өсу қарқыны 6%-ды көрсетті.
Экономика • 24 Желтоқсан, 2024
Елорда экономикасында елеулі өсім бар
Елорда табысы алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Инвестиция көлемі 1,6 трлн теңгеге жетіп, 20,4%-ға ұлғайды. Оның 70%-дан астамы жеке инвестиция есебінен. Құрылыс секторының қарқыны 870 млрд теңгеден асып, 11 айда 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға көп. Жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 4 млн шаршы метрге артты.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2024
Басты міндет – заман талабына сай болу
БҰҰ дерегіне сүйенсек, еліміз цифрландыру саласында 193 мемлекет арасында 24-орында келеді, ал онлайн-қызметтер индексінде 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, бүгінде интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. Бұл, әлбетте, бір күнде бола салған жетістік емес, жылдар бойғы жүйелі жұмыстың нәтижесі екені анық.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2024
Шикізаттық емес сектордың үлесі артты
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Отырыста елдегі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау мәселесі де талқыланды.
Экономика • 11 Желтоқсан, 2024
Трансшекаралық хабтар құру ерекше маңызға ие
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды. Сондай-ақ отырыста құрылыс саласын дамыту мәселелері де күн тәртібінде болды.
Экономика • 05 Желтоқсан, 2024
Отандық өнімнің орнын ойсыратпайық!
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) сауда желілері мен ірі сауда орындарының азық-түлік сатуға байланысты көрсететін қызметін талдаудың нәтижесін жариялады. Сауда желілерінің өндірушіге міндеттейтін қосымша қызметтерден түскен пайдасы жалпы табысының 70%-ына дейін жетеді. Ал сауда үстемесінен алынатын пайда тек 30%-дан сәл ғана асады.
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2024
Жер қойнауын мемлекеттік компаниялар зерттеуі керек
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геологиялық саланы дамыту мәселесі қаралды. Сондай-ақ ауылдық мектептерді дамыту жайы да күн тәртібіне шықты.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2024
Табысты еселейтін ауқымды жобалар
Ақмола облысы елдегі бас астықты өңір мәртебесі екенін дәлелдеді. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте айтты.
Экономика • 27 Қараша, 2024
Павлодар облысының өткен 10 айдағы өсу-даму қарқыны көңіл тоғайтарлық. Облыс шикізат өндірісіне ғана сүйенбей, әртараптандыру үдерістері арқылы қуатты өңдеу саласы бар және ауыл шаруашылығы дамып жатқан аймаққа айналып келеді.
Саясат • 20 Қараша, 2024
Жеке тұлғаға кірісі мен мүлкін декларациялау міндет емес
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды. Сондай-ақ отырыста еліміздің 5-уақыт белдеуіне көшуінің артықшылығы да күн тәртібіне шықты.