Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
548 материал табылды

Өнер • 22 Қазан, 2021

Мұқағали мұңы

Ұлттық киномызда тарихта із қалдырған жеке адамның тағдырына негізделген өмірбаяндық фильмдер жоқтың қасы. Алғаш «Мұқағалидың» жарнамасы пайда болғанда кинодағы культ кейіпкерлердің кемшіндігі еске түсті. Дерегі аздық етсе де, дәлдіктен ауытқып, автордың қиялымен байытылған дүние болса да, көрермен өзі табынатын адамы туралы тереңірек білгісі келеді және бұл тарапта жасалған сынық сүйем дүние далада қалмайды. Себебі өнер тілінде суреттелген талант тағдыры туралы кез келген көркем туындыға көрермен қызығушылығын жоғалтқан емес.

Өнер • 21 Қазан, 2021

«Қарагөз» жасырған шындық

«Қарагөзді» қоймаған қазақ театры жоқ. Талай талантты буын­ның тұсауын кескен М.Әуезовтің шығармасын әр кезеңнің ре­жис­серлері өзінше қабылдап, жаңаша сахналауға тырысып келеді.

Өнер • 18 Қазан, 2021

Камералық зал композитордың есімін иеленді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының камералық залына КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дирижер, күйші-композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің есімі беріліп, мемориалдық тақтасы ашылды.

Өнер • 17 Қазан, 2021

Камералық зал композитордың есімін иеленді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі.

Өнер • 11 Қазан, 2021

Бедері бөлек Бөрте бейнесі

Әр дәуір Шыңғыс ханның тарихи тұлғасына өз көзқарасымен қарайды. Әлімсақтан әлем билеушісінің тарихи тұлғасына қызығушылық ілкі сәт тоқтаған емес. Тарих қоржыны ұлы қаған туралы дерекке толы. Аңыз керек пе – ертегіге бергісіз елітеді, ғылыми-зерттеулермен танығыңыз келе ме – кертіп алсаң да, түгесілмейді, әдеби шығарма оқисыз ба – қалауыңыз білсін, фильм көргіңіз келе ме – таңдағаныңызды тамашалаңыз, суреті мен мүсініне сұқтанғыңыз келе ме – саусақпен шертіп жүріп сусындаңыз.

Өнер • 10 Қазан, 2021

Түркістан тағы бір рухани ордамен толықты

Күн өткен сайын түрленіп келе жатқан қасиетті Түркістан қаласының архитектуралық ансамблі  көз тартар жаңа сәулетті ғимаратпен толықты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 05 Қазан, 2021

Киноорталықтағы комплаенс қызметі

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес квази­мем­лекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жем­қор­л­ыққа қарсы комплаенс-қызметтердің міндеттерін орын­дайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалуға тиіс.

Аймақтар • 04 Қазан, 2021

Президент архивінің Маңғыстаудағы күндері

Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Руханижаңғыру: Ашық қоғамға – ашық архивтер» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстелі өткізілді. Аталған шара Президент Архивінің Маңғыстау облысындағы күндері аясында ұйымдастырылды.

Кино • 30 Қыркүйек, 2021

Дәстүрді дәріптеген «Қарасаз көшелері»

Мұқағали Мақатаев туған Қарасаз ауылындағы әр тұрғынның, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ақын өлеңін жатқа оқитыны туралы жағымды дерек ақпарат құралдарында ара-тұра айтылып қалатын. Тарпаң талант туған қастерлі мекенді қазаққа таныстырып жату артық, «үйрек ұшып, қаз қонған» қасиетті Қарасаздың аты перзентінің даңқы әуелеп, әдебиеттің әйгілі тұлғасына айналғалы бері қатар қалықтап, бірге аталып келеді. Оның кіндігінен өрбіген ұл мен қыздың ақын өлеңдерін жатқа оқып, есімін ұлықтауы таңырқайтын жаңалық емес, солай болуы қалыпты заңдылық сияқты қабылданатыны сондықтан. Дегенмен ел арасындағы дақпырт дәйегі мол деректі дүниеге айналса ғана дәлелін табады.

Өнер • 29 Қыркүйек, 2021

Шытырман оқиғалы Шығыс вестерні

Үлкен экранға әлдеқашан шығуы керек болса да, әлемдік пан­демияға байланысты премьерасы бірнеше рет шегерілген «Уақыт жолдары» фильмі қыркүйектің соңын ала Қазақстан кинотеатрларында прокатқа шығады. Қазақстан мен жапон елі режиссерлерінің бірлескен туындысы отандық көрер­менге енді жол тартып жатқанымен, ол бұған дейін Жапо­ния­ның өзінде көрсетіліп, Кореяда өткен халықаралық Пусан кинофестивалінде таныстырылып, Францияның бірне­ше қаласында тұсаукесері жасалған болатын. Енді, міне, алма­тылық көрерменге көптен күткен көркемфильмді тамашалау мүмкіндігі туды.