
Өнер • 26 Шілде, 2021
«Пері қатын»: пайда ойлама, ар ойла
Әр жаңа премьераны асыға күтіп, сүйіп көретін театр табынушысы түгіл, спектакльді азды-көпті түсінігімен-ақ тарқатып, сахна өнеріне аса қызыға қоймайтын қарапайым көрерменнің өзіне Бертольд Брехтің есімі жақсы таныс. Ақын, жазушы, драматург Б.Брехт Станиславский, Немирович-Данченко жүйелеріне мүлде қарама-қарсы, оларды толықтай теріске шығаратын театр өнері туралы төл теория қалыптастырып, сахна өнерін реформалаған ірі қайраткер ретінде барлық кезеңнің режиссерлеріне тартымдылығын жоғалтқан емес. Әйтсе де, Брехт шығармашылығына күрделілік тән болғандықтан, пьесаларын қоюға режиссерлердің жүрегі дауалап бара бермейді.
Қоғам • 23 Шілде, 2021
Ауылдан анасы дайындап жіберетін құрт-майды табыс көзіне айналдырып, аз нәпақамен екі үйлі жанды бағып жүрген отыздың ішіндегі келіншек тіршілік тауқыметі жасытқан даусымен өткен өмірі мен болашақта болуы ықтимал қорқынышы туралы айтып отыр.
Өнер • 22 Шілде, 2021
Тілеуберді Бинашев: Тапсырыс шығармашылықты таптап барады
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашевпен сұхбат.
Қоғам • 19 Шілде, 2021
TikTok мәдениетті қалай матады?
Байқасақ, мәдениетке енетін жаңалықтар жымын білдірмей мысықтабандап келіп, мықтап тұрып орнығып алғаннан кейін нәтижесін бір-ақ көрсетеді екен.
Руханият • 14 Шілде, 2021
Қастеев музейінен неге шу шықты?
Бейнелеу және қолданбалы өнердің ең озық туындылары мен ұлттық байлықтың керемет үлгілері сақталған Ә.Қастеев музейіне «шабуыл» бұрын да оқта-текте жасалып тұратын, бірақ бұл жолғысы қоғам назарын жылдам аударды.
Кино • 30 Маусым, 2021
«Қасым хан». Тарихи фильм қалай түсіріліп жатыр?
Бүкіл қазақ қауымы Қасым хан туралы фильмді асыға күтіп отыр. Бірақ қазақ хандығы тарихында ерекше орын алатын Қасым ханымыз экранға шықпай жатып, елеңдеп отырған елдің көңілін күпті етіп, әлден-ақ әртүрлі ой салып қойды. Өзі қалыптастырып кеткен, қара қылды қақ жарған ақиқат пен әділдіктің айнымас серігіне айналып, дала Конституциясы атанған «Қасым ханның қасқа жолы» ғасырлар алмасуы арасында сан түрлі бұралаңды бастан кешіп жүріп о бастағы мәнінен айырылып, ақыры сиықсыз мағына табады деген ой ол кезде ешкімнің санасына кіріп-шықпағаны анық, әрине.
Қоғам • 24 Маусым, 2021
Алматыдағы Президент архивінде ТМД елдері жас архившілерінің IV Жазғы мектебінің ашылуы өткізіліп, жұмысын бастады. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп, тарихты сақтаушыларға халықаралық білім беру жобасын ұйымдастыруды бастаған болатын. Дәстүрге айналған жастар форумы биыл бірінші рет бейнеконференциялық байланыс түрінде өткізілуде.
Өнер • 13 Маусым, 2021
«Макбет» қуыршақтар бейнесінде тіл қатты
Бұған дейін Алматы Қуыршақ театрының көрермендеріне «Ана – Жер-Ана», «Ромео – Джульетта» спектакльдерін ұсынған жас режиссер Дина Жұмабаева бұл жолы да «Макбет» пьесасын театрдың арнайы шақыруымен сахналады.
Сұхбат • 11 Маусым, 2021
Еркебұлан Дайыров: Өнер деген – өмірді тану
– Еркебұлан, жауырыны жерге тимеген, Алашқа ән оздырған атақты Балуан Шолақтың рөлі үшін 10 килодан артық салмақ қосқаныңызды білетін едік, сымға тартқандай ендігі сымбатыңыз едәуір сылынып түскеніңізді байқатады.
Сұхбат • 06 Маусым, 2021
Мемлекет басшысының тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру тапсырмасына орай Қазақстан Республикасы Президенті Архиві ілгеріден жүргізіп келе жатқан іргелі зерттеулерін ірі жобалар төңірегіне жүйелеген еді. Өйткені осы тақырып төңірегіндегі ең маңызды тарихи деректер мен құжаттардың мол қоры нақ осы Архив сөресінде сақтаулы. Ашаршылық тақырыбымен ұзақ жылдардан бері айналысып келе жатқан Архивтің бас сарапшысы Айнаш СЕЙСЕНБАЕВАНЫҢ да бұл тарапта оқырманмен бөлісер жаңалығы жетерлік.