Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
415 материал табылды

Тұлға • 02 Сәуір, 2025

Дара тұлға

Қазақтың кең байтақ даласын әуезді ән, күмбірлі күймен тербеген әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, ұлы музыкант Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толған мерейтойлық шара Алматы облысының Жамбыл ауданында бастау алды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Наурыз, 2025

Жамбыл ауданында 30 тұрғын үйдің ауласын су басты

6-наурыз сағат 08:25 шамасында Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылды. Нәтижесінде 30 тұрғын үйдің ауласы су астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 02 Наурыз, 2025

Шөп шауып, көкпар тартқан Николай

Алғыс айту күні – кең байтақ Қазақстанға қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдері қонақжай қазақ халқына жүрекжарды алғыстарын айтып, тағзым етуді дәстүрге айналдырды. Осыған орай, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының сәулелі зерттеу бөлімшесінің лаборанты Николай Недоводеевпен аз-кем тілдескен едік. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген жас маман Отаны мен ортасына зор алғысын білдірді.

Мереке • 01 Наурыз, 2025

Алғыс айту мерекесі Алматы облысында да кең көлемде аталды

Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Облыстық әкімдікте этносаралық келісім туралы маңызды пікірталастар өтіп, мерекенің шарықтау шегі қалалық Мәдениет үйіндегі концерттік бағдарлама болды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға • 27 Ақпан, 2025

Алматы облысында бір айда үш барымташылар тобы ұсталды

Осы жылдың ақпан айында ғана Алматы облысының полицейлері бірнеше мал ұрлығына қатысы бар үш қылмыстық топты ұстады. Жедел шаралардың нәтижесінде 10 адам анықталып, олардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Ақпан, 2025

Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымының өсуіне мүдделі

Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Жеңішбек Асанқұловпен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 25 Ақпан, 2025

Ерекше балаларға арналған иппотерапия орталығы ашылды

Иппотерапия орталығы Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан. Бұл орталықтың ашылуы – мүгедектігі бар балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, психологиялық тұрғыда қолдауға және әлеуметтік тұрғыдан белсенді болуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 21 Ақпан, 2025

Экоакция аясында 6 тонна қоқыс шығарылды

Елімізде кең етек алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезінде Қарасай ауданы Жалпақсай ауылының тұрғындары көше бойын тазартуға бір кісідей атсалысты.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2025

Алматы облысы 270 мың тонна жүгері жинады

Өткен жылы Алматы облысының диқандары 49,1 мың гектар жерге жүгері егіп, толық өнім жинады. Орташа өнімділік гектарынан 55 центнерді құрап, жалпы 270,7 мың тонна өнім алынды. Бұл – өңірдің соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіштерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 13 Ақпан, 2025

Алматы облысында дәрігерлер жағдайы ауыр әйелді аман алып қалды

Алматы көпсалалы облыстық ауруханасында дәрігерлердің өзара шұғыл әрекет етуінің арқасында 42 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды. Мамандар Іле аудандық ауруханасынан жүктіліктің 32-ші аптасында ауыр жағдайда түскен әйелге  шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.