Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
148 материал табылды

Ұлттық спорт • 22 Мамыр, 2025

«Ұлы дала жорығы» мәреге жетті

Кең даланы тұлпарлардың төрт тұяғы дүбірлеткен халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025» марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті. «Amanat» партиясының қол­дауы­мен Алматы облысы әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған аламан бес күнге созылды.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2025

Тағы бір индустриялық аймақ ашылады

Алматы облысының Талғар ауданында еліміздегі ең ауқымды индустриялық жобалардың бірі – «Қайрат» индустриялық аймағының кеңейтілген құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысының жедел индустрияландыру, өңірлік өндірістік кластерлерді дамыту және тікелей инвестиция тарту жөніндегі тапсырмалары аясында іске асырылып жатыр.

Еңбек • 13 Мамыр, 2025

Қой қоздап, қорада шу...

Көктемгі мал төлдету науқаны Жамбыл ауданында да тың­ғылықты ұйымдастырылып, малшылар қауымы шығынға жол бермеу үшін бел жазбай еңбектеніп жатыр. Жері шұрайлы өңірдегі төрт түліктің тұяғында жыл сайын өсім бар.

Өнер • 03 Мамыр, 2025

Тыңнан түрен салып...

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кино залында өнер зерттеушісі, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы «Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары» атты танымдық дәріс-концерт өткізді. Онда әл-Фараби «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегінде айтқан уд, танбур, рабаб, шахруд, мизмар, тебильбаз, маазим, сурнай секілді аспаптар мен қазақтың соларға ұқсас қобыз, жетіген, сыбызғы, сырнай, дауылпазы және олардың пайда болу тарихы мен атауларының астары туралы кең көлемде әңгіме өрбіді.

«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2025

Іленің бойын тазартты

Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда кейінгі жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. «Көшпелілер қаласы» мен «Тамғалы тас» шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерв қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыз демалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Іле экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2025

Айналма жолдың ахуалы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95%-ын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма жүктеген еді. Президент тапсырмасына сәйкес Алматы қаласын транзиттік көліктерден босатып, айналып өту мақсатында 2 жыл бұрын ел тарихында тұңғыш рет инвесторлар көмегімен жоғары жылдамдықты Үлкен Алматы айналма автожолы іске қосылды.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2025

Сары өрікке сұраныс жоғары

Қарадала халқының негізгі кәсібі – өрік өсіру. Жер-Анаға жылу бой­­­лаған сәуір айының орта шеніне таман бүр жарып, айна­ла­ға айырықша көрік беретін өрік ағаштарынан мол өнім алу­дың қам-қарекетіне шаруалар білек түре кірісіп кеткен. Та­­лай­­­ларды тамсантқан сары өрікті бұл өңірдің бренді деуге бо­лады. Жыл сайын 500-ден аса шаруа қожалығы өсірген мың­даған тон­на өнім ішкі нарықты қамтамасыз етіп, алыс-жа­қын ше­телге де жөнелтіледі.

Руханият • 23 Сәуір, 2025

Руханият шамшырағы

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы қоғамда оқу мәде­ниетін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік мерекелер қатарына «Ұлттық кітап күнін» енгізуді ұсынған болатын.

Жәдігер • 22 Сәуір, 2025

Астау

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігінде астаудың алар орны айрықша. Қазақ шеберлері астауды көбінесе қайың, қарағаш, көктерек сияқты берік ағаштардан ойып жасаған. Ол – дөңгелек немесе ұзынша пішінді, шет жағы биіктеу, түбі жайпақ етіп жасалатын, ішіне көбінесе ет салынатын үлкен ыдыс. Көненің көзіне айналған бұл ыдыс бүгінде қайта жаңғырып, трендке айналған.

Медицина • 18 Сәуір, 2025

Медициналық туризмнің жөні бөлек

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында былтыр 225 шетелдік азамат тегін медициналық көмектің кепіл­дік берілген көлемі шеңберінде ем алыпты. Бұл еліміз­дің медицинасына деген сенімнің жоғары екенін, маман­дарымыздың біліктілігін көрсетеді.