
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40
Құқық сауаты қылмыстың алдын алады
Алаяқтық – әділетті қоғамның қас жауы. «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстанған мемлекетте тұрғындардың қалтасына қол салатын мұндай өрескел қылмыстарға жол берілмеуге тиіс. Өкінішке қарай, құқық қорғау органдарының жан-жақты алдын алу жұмыстарына қарамастан, әзірге бұл кеселдің тамырына балта шабылды деуге ерте. Оның себебі – халықтың да құқықтық сауатының төмен болуы.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2025
Ержан БАЙБОЛ: Дін саласындағы жетістіктерді бағалау – маңызды міндет
Еліміздегі дінаралық диалог пен келісім – Мемлекет басшысының ұдайы назарындағы маңызды саланың бірі. Себебі ол – қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың, ел бірлігі мен жарасымының берік іргетасы. Осы орайда жуырда «Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен өткен дін саласындағы оқиғалар шежіресі. 2019–2024 жылдар» атты жаңа жинақ жарық көргелі жатыр. Бұл еңбекте кейінгі жылдардағы тағылымды бастамалар мен ел ауқымындағы мәнді іс-шаралар жүйеленіп берілген. Жинақтың мазмұны мен маңызы туралы толығырақ білу үшін біз кітап авторларының бірі, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша сарапшы Ержан Байболды әңгімеге тартқан едік.
Саясат • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстан – Конго Демократиялық Республикасы: Тиімді серіктестіктің жауапты кезеңі
Кеше елордамызға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келіп, Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің әнұраны орындалды. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына өтті.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Елордадағы Президенттік орталықта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауын сараптамалық талқылауға арналған жиын өтті.
Есірткі • 06 Қыркүйек, 2025
Жүзден аса есірткі зертханасы жойылды
Елімізде есірткі тұтыну мен тарату қылмыстарының алдын алу мақсатында өткен жылы Ішкі істер министрлігінің құрылымында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылған еді. Аталған ведомствоның ұйытқы болуымен қоғам кеселіне қарсы бағытталған түрлі шара қолға алынып жатыр. Соның бірі – «Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасы.
Саясат • 05 Қыркүйек, 2025
Ұлы Мемлекеттік Хуралдың мерейлі белесімен құттықтады
Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті. Онда тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2025
Жуырда Ақордада Мемлекет басшысы сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдаған еді. Солардың бірі – Үндістан Республикасының еліміздегі жаңадан тағайындалған елшісі Я.К.Сайлас Тангал.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025
Қырағылық – қауіпсіздік кепілі
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі – ел тұтқасын ұстаған азаматтар мен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қырағы бақылауында. Бұл орайда кезекті оқу жылы басталғанда білім беру мекемелері маңындағы көшелерде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, балалар өмірін аяқасты қатерден сақтауға күш салудың маңызы зор. Орталық коммуникациялар қызметінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаевтың қатысуымен өткен брифингте осы өзекті мәселе қозғалды.
Ата заң • 30 Тамыз, 2025
Бүгін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік әрі зайырлы мемлекетіміздің заңдық негізі – Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 90-жылдардың аласапыранында күшіне еніп, қоғамдық бірлік пен тұтастыққа қызмет еткен бас құжатқа әр кезеңде уақыт талабына сай толықтырулар мен өзгертулер енгізілгені белгілі. Соның ең соңғысы әрі маңыздысы – 2022 жылы жалпыұлттық референдум арқылы өткен конституциялық реформа.
Заң мен Тәртіп • 29 Тамыз, 2025
Сәкен Сәрсенов: Цифрландыру полицияға деген халық сенімін арттырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына цифрлық технологиялар мен басқа да озық шешімдерді енгізуді жалғастыру қажеттігін айтып, салалық министрліктерге тапсырма бергені белгілі. Ішкі істер саласында бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын білу мақсатында біз Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновті әңгімеге тартқан едік.