Саясат • 23 Қаңтар, 2026
Еліміздің жаңа конституциялық моделі айқындалды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның отырысы өтіп, онда сенаторлар Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы белгілеп берген басымдықтарды іске асыру барысын талқылап, күн тәртібіне шығарылған халықаралық келісімдерді ратификациялады.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Әр тасы тарихтан сыр шертетін Сыр топырағында Қазақ елінің өткені мен бүгінін сараптап, ертеңіне айқын бағдар берген V Ұлттық құрылтай отырысы табысты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай мүшелері алдында сөз сөйлеп, ел алдында тұрған айтулы міндеттерді айқындап берді. Көпшілік көз тіккен жиынның жетістігі ел аузында жүр. Осыған орай біз бірқатар сарапшыны әңгімеге тартып, отырыс нәтижесіне қатысты бірер сұрағымызды қойған едік.
Президент • 20 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: Елдің жаңа саяси тұрпаты
Кеше Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Заң мен Тәртіп • 16 Қаңтар, 2026
Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар
Ұлттық құрылтай бастамалары аясында бірқатар маңызды тұжырымдамалық құжат әзірленді. Соның бірі – өткен жылдың аяғында Үкімет қаулысымен бекітілген Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар. Бұған дейінгі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жалғасы ретінде өмірге келген жаңа құжатта есірткіге қарсы күрес саласындағы кейінгі пайда болған сын-қатерлерді еңсерудің нақты қадамдары көрініс тапқан.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында ел қауіпсіздігінің тірегі саналатын әскери саланың өзекті мәселелеріне арнайы тоқталып, қоғам назарын алаңдатқан түйткілдерге ашық әрі салмақты баға берді. Президент ең алдымен кейінгі жылдары жұртшылықты толғандырған сарбаздардың қаза табуы мен түрлі жарақат алу оқиғаларына айрықша назар аударып, әскери қызметтің беделін көтеру тек ұранмен емес, нақты іспен жүзеге асуға тиіс екенін, сарбаздың әлеуметтік жағдайы, құқықтық қорғалуы мен адами қадір-қасиеті толық сақталғанда ғана әскерге деген сенім нығаятынын жеткізді.
Саясат • 10 Қаңтар, 2026
Тікелей сұхбаттастықтың пайдасы
Халық арасына шығып, жергілікті жағдайды көзбен көріп, қолмен ұстаған адам ғана елдің бүгінгі ахуалын жете сезініп, шешімін күткен мәселенің мәнісін ұғына алса керек. Дәл осы мақсатты көздеп, өңірлерге сапарға шыққан Сенат депутаттары да кешелі бері бірқатар кездесу өткізіп, елдің өтінішін тыңдап қайтты. Қоғамда қордаланған тұйткілдерді Парламент төрінде көтеруге уәде берді.
Айбын • 10 Қаңтар, 2026
Бүгін – Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның құрылған күні. Осыдан тура 34 жыл бұрын Президент Жарлығымен Ішкі әскерлер жасақталған еді. 2014 жылдың сәуір айында Ұлттық ұлан болып қайта құрылып, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында мүлтіксіз қызмет атқарып келеді. Бұл құрылым ІІМ-не бағынышты болғанымен, ішкі тұрақтылықты қадағалайтын құқық қорғау саласындағы функциялары бар әскери ведомство саналады.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
Қордаланған мәселелер талқыланды
Сенат депутаттарының өңірлерге сапарлары жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындармен, ұжымдармен кездескен олар халықтың пікіріне құлақ асып, қоғамдағы қордаланған мәселелерді бірге талқылады.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
Түркі дүниесі: Экономикалық ынтымақтастық мүмкіндігі
Астанада Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылы Қазақстан Республикасының Одаққа төрағалығы аясында ұйымдастырылған Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 3-ші Бас Ассамблеясы қатысушыларымен кездесті.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2026
«Қоянды ауданын құруды сұраймыз!»
Тұрғындар ауыл инфрақұрылымы қазіргі жүктемені көтермейтінін айтады. Астана агломерациясының құрамындағы елді мекеннің бірі – Қояндының арғы тарихы 1962 жылдан басталады. Алайда бұл 2000 жылдарға дейін бір көше бойын жағалай орын тепкен 50–60 түтінді шағын ғана ауыл болатын. 2004 жылы «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен 96 гектар жерге әлемнің тоғыз мемлекетінен келген қандастар қоныстандырылып, іргесі кеңейе бастады. Бүгінде Қоянды – 40 мыңнан аса халқы бар еңселі елді мекен.