Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
716 материал табылды

Қоғам • 15 Қараша, 2023

Ерім дейтін ел қайда?

«Балам» деген жұрт болмаса, «жұртым!» дейтін бала қайдан шықсын?» дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Сол Ақаңның замандастары, бір әулеттен шыққан қос қыран, бірі Амангелді батырдың үзеңгілес сарбазы, екіншісі Арқалық қаласының алғашқы қазығын қаққан ағалы-інілі Назарбек пен Дүйсенбек Адырбайұлдарының есімдері тарих қойнауында ұмыт болып, елеусіз қалып барады.

Айтыс • 14 Қараша, 2023

Еңбек адамын ұлықтаған аламан айтыс

Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. «Amanat» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі дода «Еңбек – ел ырысы» тақыры­бына арналып, онда еңбек адамдарының өнегесі өзек болды.

Үкімет • 13 Қараша, 2023

Шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі

Сенатта Мемлекет ба­сшы­сының «Әді­летті Қазақ­станның эконо­мика­лық бағ­дары» атты Жол­дауын іске асыру ая­­сын­да «Қазақстан Респуб­лика­сын­да ша­ғын және орта кәсіп­керлікті дамыту» тақы­рыбына арналған Үкімет сағаты өтті.

Қазақстан • 12 Қараша, 2023

Селим Хазбиевич: Қазақстан – болашақтың елі

Бүгінгі сұхбаттасымыз – 2017 жылдан бері Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі белгілі поляк ақыны, профессор Селим Хазбиевич. Бұл кісінің ұлты – татар, нақтырақ айтқанда, Польша-Литва татарлары халқының өкілі. Толық аты-жөні – Селим Мирза Юшенски Данияр Бег Хазбиевич. Бір қызығы, есіміндегі «Юшенски» деген сөз «үйсін» тайпасының атынан шыққан екен. Біз елшіге арнайы жолығып, өзінің ата тегі мен польшалық татарлардың тарихы, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынас барысы жайында әңгіме өрбіттік.

Айбын • 12 Қараша, 2023

Қарулы күштер жылды қорытындылады

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшы­лығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында ел Қарулы күштерінің биылғы қызметі қорытындыланды.

Үкімет • 09 Қараша, 2023

Жолдау аясындағы жобалар талқыланды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар ЕАЭО аумағындағы аудиторлық қызмет туралы заңды қарап, мақұлдады.

Қазақстан • 09 Қараша, 2023

Құқық саласындағы ынтымақтастық

Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 21-отырысы өтіп, оған еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов қатысты.

Сұхбат • 08 Қараша, 2023

Жандәулет СҮЛЕЙМЕНОВ: Дін саламаттылығы – өзекті мәселе

90-жылдары дін ұстануға еркіндік берілгенде көп адам бөркін аспанға атып қуанды. Кейін қоғамда теріс ағымдар қаптап шыға келгенде, ағаттық жіберіп алғанымызды түсіндік. 2011 жылы дін туралы жаңа заң қабылданып, ушығып бара жатқан жағдайды оңалту үшін жан-жақты алдын алу жұмыстары жүргізілді. Алайда кейінгі жылдары қоғамды дүрліктіріп, дінді құбыжық қылып көрсететін жайттар қайтадан қылаң бере бастады. Осы келеңсіздіктердің себеп-салдарын білу мақсатында теолог, сарапшы Жандәулет Сүлейменовті әңгімеге тартқан едік.

Қоғам • 08 Қараша, 2023

Вандализмді мәдениет жеңеді

«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты еліміздің тарихи, мә­дени және табиғи мұра­сын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды респуб­ликалық акцияны жал­ғастырып келеді. Осы та­қырып төңірегінде өткен дөңгелек үстелге белсенді­лер, сарапшылар, Мәжіліс де­пу­таттары, қоғам қайрат­кер­­лері мен студенттер қатысты.

Саясат • 07 Қараша, 2023

Аумақтық қорғаныс мәселелері талқыланды

Қорғаныс министрлігінде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысқан жиында аумақтық қорғаныс және әскери инфрақұрылым жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.