Ауа райы • 07 Маусым, 2023
Апшыны қуырған аптап ыстық: Оның салдары қуаңшылық әкелмесе игі
Жайдары жаз маусымы басталысымен баршаны, оның ішінде ел экономикасының қомақты бөлігін құрайтын ауыл шаруашылығы мамандарын, мал сүмесіне, жер танабына сіңірген егіс өнімдерінің қайтарымына қараған бейнеткеш қауымды қатты алаңдататын бір мәселе бар, ол – қуаңшылық, құрғақшылық. Биыл мамыр айы жаңбырсыз болды. Маусым қатты ыстықпен басталды. «Қыстағы қар – жерге ырыс, жердегі ылғал – елге ырыс». Қыс айларында қар аз жауды, жерге соншалықты ылғал сіңген жоқ. Сол себепті дала төсі дәл бүгінде жауын-шашынға зәру-ақ.