Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026
Шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы
Көктемнің алғашқы лебімен келетін ардақты аналар мен аяулы арулар мерекесі – қоғамды ізгілікке, жақсылық пен жасампаздыққа үндейтін, ыстық ықыласқа толы, мейірбан мейрам. Әйел-ананың қоғамдағы орны, оның отбасындағы қадір-қасиеті мен мемлекет дамуындағы үлесі қашанда еліміздің басты назарында.
Шахмат • 07 Наурыз, 2026
Қазақ спортының, оның ішінде зияткерлік ойын – шахматтың шежіресінде алтын әріппен жазылатын есімдер бар. Солардың бірегейі, мұқым қазақ елінің мақтанышы, ақыл-ой додасының жарық жұлдызы – Бибісара Асаубаева. Еліміздің көк байрағын әлемдік аренада сан мәрте желбіреткен дара дарын бүгінде жаңа тарихи белесті бағындыруға сақадай сай отыр.
Спорт • 07 Наурыз, 2026
Жақында ғана Германияның Инцелль қаласында мәреге жеткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақ спортының тарихында бұрын-соңды болмаған жаңа парақ ашылды. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, 19 жастағы Кристина Шумекова айды аспаннан бір-ақ шығарып, әлемнің абсолютті чемпионы атанды.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Қоғамның мейірімін арттырған қор
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры – ел игілігіне жұмыс істейтін, әлеуметтік әділеттілік пен қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды институт. Басты мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, өмір сапасын жақсартуға атсалысу.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?
Кейінгі кезеңде еңбек нарығы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаңа, заманауи жүйе икемділікті, жеделдікті, мобильділікті талап етеді. Осы ретте қазақ қоғамында «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп аталатын тұтас бір әлеуметтік топ қалыптасты.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік қамсыздандыру: мақсат пен меже
Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, 2026 жыл еліміздің әлеуметтік саясатындағы бетбұрысты кезең ретінде белгіленіп отыр. Жаңа жылдан бастап күшіне енген өзгерістер жәрдемақы мөлшерін ғана емес, жалпы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін түбегейлі жаңғыртуды көздейді. Бюджеттік, заңнамалық жаңалықтар қоғамның ең осал топтарына арналған қамқорлықтың жаңа деңгейін көрсетеді.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Әділетті қоғамның іргетасы: Халықты әлеуметтік қорғау саласын қандай өзгерістер күтіп тұр?
Мемлекет, қоғамдағы ең үлкен құндылық – адам өмірі. Балалар, көпбалалы аналар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жұмыссыздар мен табысы төмен отбасылар – әлеуметтік саясаттың тікелей назарындағы топтар. Сол тұрғыда 2026 еліміздің әлеуметтік саясатындағы өтпелі кезең аяқталып, жаңа Әлеуметтік кодекстің нормалары толық қуатында жұмыс істей бастайтын жыл ретінде сипатталып отыр.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?
Биыл «QazaqGaz» ұлттық компаниясы геологиялық барлау, күрделі құрылыс жобаларына ден қойды. Бұл сәйкесінше газды ішкі тұтынудың артуына, еліміздің газ қоры ауқымын кеңейту қажеттілігіне байланысты болды. 2025 жылдағы басымдықтар қатарында газ инфрақұрылымын нығайту, «QazaqGaz Aimaq» АҚ арқылы Астана мен оның агломерациясын одан әрі газдандыру жөніндегі жобаларды іске асыруды қоса алғанда, өңірлерді көгілдір отынмен қамту көзделді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 31 Желтоқсан, 2025
Бүкіл ел көлеміндегі қайнаған тірлік – кең қанат жайған құрылыс, қойнаудағы ен байлық, жайлаудағы төрт түлік мал, қамба толы астық, қойма толы өнім, қысқасы, барша бұқараның қалыпты тыныс-тіршілігіне қажет барша игілік – ең алдымен құрыш қолды шаруақор қауымның жылдың төрт мезгілінде бір толас таппайтын тынымсыз еңбегінің, қапысыз қажыр-қайратының жемісі.
Туризм • 30 Желтоқсан, 2025
Туризм – ел экономикасының дамуына ерекше үлес қосып, мемлекет мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызатын, сондай-ақ адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттыратын, көкжиегі кең сала. Бұл сала елдің ішкі-сыртқы нарығында экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналып, инфрақұрылымның дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ұлттық бай салт-дәстүрлерді, тарихи, мәдени мұраларды жан-жақты насихаттауға ықпал етеді.