Әдебиет • 23 Мамыр, 2025
Орасан ойдың Олжасы немесе бір дана кітап туралы
Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, алдаспан ақын Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына, қайраткерлігіне қатысты ертелі-кеш жазылған дүниелер, телерадио хабарлары шоғыр-шоғыр. Шетелдік белгілі ақын-жазушылардың, әдебиет зерттеушілерінің Олжастың түркі таңбалы шығармашылығына назар аудармағандары кемде-кем. Сол жазбаларда қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар ақынның өнегелі өмірбаяны барынша жазылды, айтылды.
Экономика • 20 Мамыр, 2025
«Талдықорған – Үшарал» газ құбырының желілік бөлігін салу аяқталды
Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының барысымен танысты. Ресми қонақтарды Ақсу ауданындағы құрылыс алаңына облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов бастап барды.
Отбасы • 15 Мамыр, 2025
Халықаралық Отбасы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Әлішер СҮЛЕЙМЕНОВПЕН сұхбаттасудың сәті түсті. Әңгіме барысында мейірім мен махабаттың, береке-бірліктің тоғысқан ордасы, қоғамның мызғымас іргетасы – отбасы мәселелері туралы, отбасылық құндылықтар туралы, оларды нығайту, насихаттау жөнінде кеңінен сөз болды.
Мереке • 15 Мамыр, 2025
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Атаулы дата БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы бекітілді. Еліміз басқа да мемлекеттер қатарында бұл бастаманы қызу қолдады. Дегенмен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының әр екінші жексенбісі ұлттық Отбасы күні болып белгіленді. Бұл мерекелердің басты мақсаты – қоғам назарын отбасы проблемаларына, отбасы институтын қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту, насихаттау мәселелеріне аудару.
Баға • 14 Мамыр, 2025
Еліміздегі коммуналдық-тұрмыстық көмір қажеттілігінің 40%-ын қамдап отырған «Шұбаркөл көмір» АҚ 2024–2025 жылыту маусымын табысты аяқтағанын мәлімдеді. Кеншілер тұтынушылардан түскен тапсырыстарды түгел қамдап берген. «Бұл жылыту маусымында негізсіз қарбаластардан алшақ болуға сеп», дейді Көмір дивизионының жетекшісі, «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.
Экономика • 14 Мамыр, 2025
«Интергаз Орталық Азия» АҚ жылыту маусымын сәтті аяқтады
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да («QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) 2024–2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең (КҚК) аяқталды. Барлық филиалдар мен қызметтердің үйлестірілген жұмысының арқасында жылыту маусымы апатсыз, табиғи газды тасымалдауда толық тұрақтылықпен өтті.
«Таза Қазақстан» • 22 Сәуір, 2025
Экологиялық құндылық – таным таразысы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаппай сенбіліктер, қоқыс жинау, аумақтарды көгалдандыру, қалың бұқараны осы бағытта сауаттандыру арқылы елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірегей бастамасы.
«Таза Қазақстан» • 03 Сәуір, 2025
Табиғи аумақтардың тынысы ашылады
Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман тәлімбақтарын құру, өрт сөндіру техникасын жаңарту, жануарларды жерсіндіру, экологияны қорғау жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Таза Қазақстан» • 22 Наурыз, 2025
Наурызнаманың қалың бұқараға қатысты қалаулы бір қайырмасы – Тазару күні. Қыраулы қыс өтіп, қордаланып қалған күл-қоқысты сыртқа шығару, жою, айналаны абаттандыру ісіне қала, ауыл-аудандардың барша тұрғындары, үлкен-кішісі бір кісідей жұмылады. Былтырдан бері бұл баталы іс-қимылға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы еселеп екпін берді.
Волонтер • 15 Наурыз, 2025
Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматта, кең көлемде аталып өтіп келе жатқан Наурызнаманың атаулы бір күні, 15 наурыз – Қайырымдылық күнінің өзіндік мән-маңызы ерекше. Қарға тамырлы, қаршыға сіңірлі халқымыздың қанында да бар қапысыз қасиет – қайырымдылық.