Жомарт ОСПАН
Жомарт ОСПАН«Egemen Qazaqstan»
144 материал табылды

Руханият • 06 Ақпан, 2025

Шеберліктің бір қыры

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтай­дың Атырауда өткен жиынында «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттық негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Кітап оқырманға қол жетімді болуы керек. Шын мәнінде, озық ойлы, ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деп атап өтті.

Несие • 24 Қаңтар, 2025

Алмақтың да салмағы бар...

Бүгінде елді алаңдатып отырған мәселенің бірі жөн-жосықсыз, шамадан тыс алған түрлі кредиттік қарыздар екені белгілі. Осы тұрғыда Үкімет халықтың ретсіз несие алуын төмендету мақсатында бірқатар жүйелі, жедел шара қабылдады. Азаматтарды қаржылық сауаттылық курстарымен қамту, несие беру, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау кезінде тәуекелдерді азайтуға қатысты заңнамалық түзетулер енгізді.

Қаржы • 07 Қаңтар, 2025

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады

Зейнетақы мен жәрдемақының, ең төменгі жалақы мөлшерінің артуы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі, «Жайлы мектеп», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын жүзеге асыру – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет іске асырып жатқан осындай оң өзгерістер мен баталы бастамалар биыл да жалғасын тауып, ел тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға игі әсерін тигізе береді.

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2024

Әлеуметтік саланың әлеуеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек. Кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс», деп атап көрсетті. Қазірде халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған ауқымды реформалар, бапталған бағдарламалар кезең-кезеңімен, жүйелі жүзеге асырылып жатыр.

«Таза Қазақстан» • 25 Желтоқсан, 2024

«Таза Қазақстан» – экологиялық бірегей жоба

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экология­лық акциясы қолға алынды. Іс-шара елдегі экологиялық жағ­дай­ды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетінің дең­гейін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәсе­лелеріне тартуға бағытталған. Аталған жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, қалыпты экологиялық болашақтың негізін қалады.

Экология • 27 Қараша, 2024

Экологиялық білімнің берері мол

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Орталық коммуникациялар қыз­меті алаңында «Экологиялық білім» атты жаңа бағытты таныстырды. Құжатта халықтың бар­лық жас санаттары арасында экологиялық дүниетаным мен мәдениетті қалыптастыруға қатысты іс-шаралар өткізу көзделген.

Экология • 23 Қараша, 2024

Табиғатты бағалаудың тартымды бағыты

БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) экотуризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Пікір • 14 Қараша, 2024

Ескерткіш – елдіктің өлшемі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тұлға­ларға ескерткіш орнату мәселесіне назар аударып, Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда айрықша айтқаны белгілі: «Соңғы кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады. Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағымсыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңіс­тігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесірін тигізеді. Тіпті, шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп айтатын болды», деді Президент.

Спорт • 12 Қараша, 2024

Жарыстар күнделігі

6-9 қараша аралығында Алматы қаласындағы Halyk Arena көпфункционалды спорт кешенінде хоккейден тұңғыш Азия чемпионаты өтті. Еліміз құрамасының қарсыластары Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай командалары болды. Турнирдегі соңғы матчында еліміздің хоккейшілері Жапония құрамасымен кездесіп, 5:1 есебімен жеңді. Ұлттық құрама сапынан Евгений Рымарев (8, 28-минут) екі, Егор Наместников (30), Владимир Гребенщиков (45), Евгений Королинский (59-минут) бір-бірден шайба соқты. Жапондықтардан жалғыз голды Тайга Ирикура (43-минут) салды. Осылайша, еліміз құрамасы үш матчта алты ұпай жинап, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Жапония құрамасы да турнирді алты ұпаймен қорытындылады. Бірақ еліміз құрамасы өзара ойында жеңіске жеткендіктен, бірінші орынға шықты. Оңтүстік Корея төрт ұпай, Қытай екі ұпай жинады.

Футбол • 12 Қараша, 2024

«Қайрат» – чемпион!

Футболдан еліміздің чемпионаты мәресіне жетті. Алматылық «Қай­рат» төрт дүркін ел чемпионы атанды.