Жомарт ОСПАН
Жомарт ОСПАН«Egemen Qazaqstan»
144 материал табылды

Аймақтар • 09 Қараша, 2024

Өнертабысқа өріс кең

Әр адамның өмірдегі орны еткен еңбегі, жасаған қызметінен, азаматтық тұлғасы, адамшылық сипаты ел ішіндегі бет-беделінен көрінеді. Болмысы бөлек, ойы өрелі, көшелі азамат, абыройлы ардагер Қайролла Исмағұловтың өнегелі өмір жолы осындай асыл мұратқа жауап беретіндігімен таңбалы, тағылымды.

Халық • 24 Қазан, 2024

Қандасқа қамқорлық – қоғам парызы

Ел егемендігінің жарқын бір жетістігі – кезінде түрлі себеппен туған жерінен үдере көшіп, әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қандастарымыздың көк байрағы желбіреп, тәуелсіздігін тұғырына қондырған атамекеніне оралуына мүмкіндік туғызғаны.

Елорда • 01 Қазан, 2024

Бас қаланың бәсі қашанда жоғары

Астана – еліміздің қарымды күш-қуатының, динамикалық дамуының көрінісі, сан салалы бағдарламаларды жүзеге асырудың бастау көзі, берік іргетасы. Сайын дала төсінде кеңінен қанат жайған елорда жаңа Қазақстанды құрудың негізі, ізгі ниет пен игі тілектің қаласы. Қарқынды құрылыс жұмыстарымен қатар, тұрғындар саны да жыл санап артып келе жатқан бас қаланың еңбек нарығында алатын орны да ерекше.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024

Белсенді әрекет кезеңі

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, рухани-мәдени өркендеуін, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты қамтыған батыл бастамаларға толы болды.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2024

«Tugan Qala» – өңірдің шынайы жанашыры

Хромтау қаласындағы Кеншілер мәдениет үйінде «Tugan Qala» форумы ұйымдастырылды. Ел көлемінде баламасы жоқ біре­гей бастама биыл тұңғыш рет тұрғындардың авторлық сценарийімен өтті. Шара тұр­ғын­дардың өздері ұсынғандай, қаланың тарихи орындарына квест, «Tugan Qala» бастамасымен бой көтерген нысандарды тегіс қамтып, қатысушылар өздерін қызықтырған тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысуға кеңінен мүмкіндік алды.

Қоғам • 12 Қыркүйек, 2024

Еңбек адамына ерекше көңіл бөлінеді

Астанада өткен «Paryz» cъезі отандық ірі жұмыс берушілердің басын қосты. Биылғы съездің бас­ты оқиғасы – «Самұрық-Қазына» компания­лар тобы «Paryz» конфе­дерациясына қолдау танытты. Осылайша, өзара бірлесіп жұмыс іс­теу­ге конфедерацияның төралқа төрағасы Жұмабек Жанықұлов пен «Самұрық-Қазына» қорының Кор­по­ра­тивті басқару, әлеуметтік-еңбек қаты­нас­тары және еңбекті қорғау жөніндегі бас­қа­ру­шы директоры Ғибрат Ауғанов ын­ты­­­мақ­­тас­тық меморандумына қол қойды.

Білім • 12 Қыркүйек, 2024

Қор Астананың 5 мектебінде инклюзивті сынып ашты

Енді ерекше білім беруді қажет ететін 150-ден астам бала басқа қатарластарымен бірге оқи алады.

Саясат • 06 Қыркүйек, 2024

Сарапшылардың келелі кеңесі

Кеше Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарапшылық кеңестің бесінші отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: референдумның құқықтық базасы – 2024 жылғы түзетулер; референдум үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері.

Саясат • 04 Қыркүйек, 2024

Халық өз таңдауын жасайды

2024 жылғы 3 қыркүйекте 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған респуб­ликалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды: 1. Рес­пуб­ликалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы; 2. Рес­публикалық референдумды әзірлеу мен өткізудің ұйымдастырушылық аспек­тілері; 3. Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт туралы; 4. Респуб­ликалық референдумды өткізу кезіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы.

Сенат • 03 Қыркүйек, 2024

«Senat Open» республикалық турнирінің финалдық кезеңі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев шахматтан Парламент Сенатының Ашық кубогі – «Senat Open» турнирінің финалдық кезеңінің ашылу рәсіміне қатысты.