
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бүгінде әлеуметтік инспекторлардың қызметі оң нәтиже беріп отыр. Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 430 тексеру жүргізген. Оның 201-і жоспардан тыс, 99-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 130-ы прокуратураның талабымен жүргізілді. Тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 192 ұйғарым берілді, 28,8 млн теңгеден астам сомаға 341 айыппұл салынды.
Мемлекеттік бақылаумен 17 әкімдік, 86 жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары, 47 мемлекеттік мекеме, 16 балабақша, 52 мектеп, 9 колледж, лицейлер, 21 аурухана, емханалар, 18 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, 33 автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар, 34 дүкен, 5 сауда үйлері, 11 кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер, 1 полиция пункті, 5 стоматология, 1 кітапхана, 7 мәдениет үйлері, 2 архивтер мен музейлер, 3 санаторий, 2 пошта қызметі бөлімшесі, 10 спорт мектептері, 1 нотариус, 6 банк, 2 оңалту орталығы, өзге де 23 нысан қамтылды.
Бір ғана мысал, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не комиссияның қабылдау тәртібін сақтауы, Әлеуметтік қызметтер порталында жеткізушілерді тіркеу, тіркеуден шығару мәселесі жөнінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша субъектіге ұйғарым шығарылды. Бұл ретте, әлеуметтік инспекторлардың айтуынша, өңірде мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуде оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растап отыр.
«№3, №4 қалалық емханалардың аумағында мүгедектерге арналған көліктер тұрағы бар, кіреберіс пандустармен жабдықталған. Емхана ғимараттарының кіреберісіне көзі нашар көретіндер үшін мнемосхемалар, ғимараттардың өзінде тактильді жолақтар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық-тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. «Баянтау» спорт сарайы, «Автомобилист» спорт кешені, «Olimpic» бассейнінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған», дейді Павлодар қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Юлия Петрусева.
Айта кету керек, профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында алғашқы бұзушылық анықталған жағдайда меншік иелеріне алдымен оларды жою туралы ұйғарым шығарылады. Белгіленген мерзімде ұйғарым жойылмаған жағдайда, сот тәртібімен айыппұл салу жүзеге асырылады.