
Жансарай • 18 Қазан, 2024
Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ: «Ой кіргелі тимеді ерік өзіме»
Әдеби ортада жұрт көзінен жырақ, думанды жиындарда сирек көрінетін, десек те жазуы жүйрік қаламгерлер бар. Әсіресе қалыптасқан өзіндік тақырыбы, тосын жанры, қалам машығы, жазу стилі, тың пайымы автордың бөлек болмысын баян етеді. Мұндай бөлек болмысты шығармашыл жандардың ойы да, сөзі де, өмір сүру ережесі де бөтен болады екен. Бүгін танымдық тақырыпта толғамды еңбек жазып жүрген қаламгер-эссеист, ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсат ТӘЖ-МҰРАТПЕН әңгімелесудің сәті түсті. Әрине, алғашқы сөзімізді тарихи туындыларынан бастадық.
Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2024
Әдебиеттің басты тақырыбы адам һәм адамның жаны дейміз. Жазуды ардың ісіне балаған әр жазушы, ең алдымен ізгілікті, адамдық игіліктерді көздейді. Яғни нағыз әдебиет – сол уақыт, сол тіршілік, сол өмір. Сол кезеңдегі қоғам келбеті, заман шындығы, халықтың көзқарасы, талғамы, ойы мен сөзі – бәрі-бәрі шығармаға арқау болмақ. Кейде жақсы жазатын қаламгердің аса танымал емес, даңқы да, дақпырты да жоқ шығармасын көресің. Оны жұрттың бәрі жапа-тармағай оқымаса да көркем тілі мен сюжет тынысы, динамикасы бір-бірімен астасып, шебер үйлесім тауып жатады. Көркемдік айшықтар тереңнен өріліп, бір нәзік сезімдер, кішкентай адамдардың кішкентай арманы, кішкентай адамдардың кішкентай қылмысы, көбіміз мойындай қоймайтын өмірдің шындығы кездеседі. Біреу әділет іздеп шарқ ұрса, енді біреу өз әділетімен ғұмыр кешіп бағады. Шексіз қиялдан, жасанды оқиғадан, сұлу сөзден ада автор өмірдің нақ өзін суреттейді. Адам жанының тереңіне үңіледі. Өмірді білетіндігі соншалық, шығарманың шынайылығына таңғаласың. Жазушы Кемел Тоқаевтың «Сарғабанда болған оқиға» повесін оқып отырып, осындай ойға келдік.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2024
Қала мен даланың айырмасы көп: ауасы мен аспаны да бөлек, Күннің шығуы да, батуы да ерек. Самсаған жұлдыздардың жарығы көз қарықтырады. Байқасақ, қаланың биік үйлері мен қаптаған құрылысы қиялды шектейді. Артық ойға орын бермейді. Ал шексіз дала ми кеңістігін кеңейтеді, шабытыңды тасытып, тынысың ашылады. Шетсіз сары дала ойыңды да шексіз ететіндей. Қас тұлпардай құйғытып шабады. Аттаған әр қадамың – тұнған тарих. Әр тау-тастың айтар аңызы бар. Құстары да осы даланың жырын жырлайды. Анау төбе, мына жазық ұлттың кешегі елесіндей қылаң береді. Ұлытау өңіріне жасаған үш күндік сапарымызда бір сәт осындай күй кештік.
Мирас • 12 Қыркүйек, 2024
Жуықта ғана Әбіш Кекілбайұлының немересі Абыл жазушы мұрағатынан бір бейнежазба жіберіпті. Сары далада жаяу жүрген бір топ зиялы. Ортада – маңдайы жарқырап, қолын сермеген сайын әр тастың тарихын жатқа соғып тұрған абыз Әбіш. Табанының астындағы төбенің киесін сезініп, ата-бабаның рухы қонғандай толғатады келіп. Сонау қатпар-қатпар дүниенің дүбірінде қалған ғасырлардан тебірене сыр шертеді. Не деген толассыз білім десеңізші. Дәл бір қазған сайын бұрқ-сарқ етіп бұлқына атқылайтын бұлақ сынды. Қарымды қаламгер, көрнекті тұлғаның қандай бейнесі болса да оқырманға ыстық емес пе? Сонау ескі жылдардың елесінде түсірілген бейнежазбаны тарихтың моншақ-көзіндей, кешегі күннен қалған бір белгідей қабылдап, өткен уақытқа сапар шектік.
Әдебиет • 09 Қыркүйек, 2024
Жазушылық – өнер дейміз. Әрине, заманына қарай кәсіпке айналдырғандар да бар. Сондықтан жазуды әркім әртүрлі қабылдайды. Иә, жазамын деп ешкім жазушы болып кетпейді. Жазбаймын деп тағы ешкім жазбай кетпейді. Бұл өзі өнер, кәсіп дегеннен бөлек бір ауру сынды.
Мәдениет • 29 Тамыз, 2024
Ыстықкөл сапары немесе Әуезов көшесі, №3
Шолпан ата қаласына (Қырғызстан) іссапармен баратынымызды естіген мезетте-ақ, ең алдымен, Әуезовтің үйіне соғуды ойладық. Сол сәттен бастап Ыстықкөл жағасындағы қазақ-қырғыз руханиятының киелі шаңырағына айналған жазушының үйі ойға орала берді. Мұқаңның Алматыдағы мұражай-үйінде талай болсақ та, қырғыз шәріндегі саяжайына аңсардың ерекше ауғаны рас. Заңғар жазушының қырғыз бәйкелерге деген көңілінің тым бөлек болғанын да ел біледі. Әуезов үйінің ауласында Шыңғыс күтіп отырғандай, ұлы Манастың рухы шақырып тұрғандай біртүрлі асықтық...
Пікір • 21 Тамыз, 2024
Өткенде жаңа бір фильмнің тұсаукесеріне бардық. Авторы – жас режиссер. Киноны көрдік, кей сәттеріне тебірендік, «әттеген-айларын» да түртіп отырдық. Дегенмен салыстырмалы түрде айтар ойы бар, актерлердің шеберлігі де жаман емес. Әйтеуір жеңіл-желпі комедиядан ада, эмоциялық толқынысы бар ауыр тақырыпты көрсетуге талпынған. Тәуір-ақ дестік.
Руханият • 21 Мамыр, 2024
Кітапсыз қоғам: себеп пен дәйек, ой мен орам
Бүгінгі қарыштап дамыған, жаһанданған қоғамның бір ұрты май болса, бір ұрты қан екені де рас. Иә, кешегі кезеңмен салыстырғанда өміріміз жақсарды, тұрмысымыз жеңілдеді, Айға да ұшуға мүмкіндік бар. Есесіне, рухани құлдырауға ұшырадық. Бұрынғыдай кітап іздеген, түнді таңға ұрып майшаммен кітап кемірген, бас қосқан дос-құрбылар оқыған шығармасын айтып шуласқан қоғам қазір өзгерген. Бұл кітап оқымау ғадеті қазақ қауымында ғана емес, барша әлемде белең алып отыр. Кітап оқуға толық мүмкіндігі бар адамдардың көркем әдебиетке қызықпауының себебі көп. Ең басты дәуірлік себеп, әрине, «сананы тұрмыс билеуінде» дейміз. Осы ойымыз рас па өзі?
Мирас • 19 Сәуір, 2024
Еске салсақ, сонау 2009 жылы абыз жазушы Әбіш Кекілбайұлының 70 жылдық мерейтойы туған жерінде керемет тойланып еді. Салтанатты жиында қайраткер, қаламгер туралы баяндаманы оның таланты мен адамгершілік қасиеттерін аса жоғары бағалап, ерекше құрметтейтін үзеңгілес інісі, сол кездегі Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жасады. Сонда әкім жазушыға халық атынан тоғыз қанатты киіз үй сыйлаған болатын.
Көрме • 19 Сәуір, 2024
Астана жұртының таң атысымен EXPO халықаралық көрме орталығына қарай ағылып жатқанына, міне, үшінші күн. Жүздеген баспа, мыңдаған кітап, бұрыш-бұрышта авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, тұсаукесерлер көрме алаңын азан-қазан рухани базарға айналдырып жібергендей. Әрине, жылына бір рет болатын «Eurasian Book Fair-2024» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – оқуға құмар жандарға таптырмас мүмкіндік. Ыбырайша айтсақ, «тілегені алдынан іздемей-ақ табылатын» көрмеден кім құр қалсын!