Әдебиет • 12 Қараша, 2021
Жазушылық ғадеттер: Таңданыс пен талғам
Әдебиет тарихында ақын-жазушылардың бойындағы қызық, бәлки оғаш, кейде қорқынышты, ерек ғадеттері мен іс-әрекеттері жиі кездеседі. Шығармашыл адамдардың бұл біртүрлі мінездері – бар болмысы, өмірдегі шынайы қалпы. Кейде оқырман оларды осы тосын мінездері үшін, таңғаларлық әдеттері үшін жақсы көреді. Кейде түсінбей, шошып түседі. Ал бірде әдебиетке құбылыс болып енген классиктердің әр әрекеті мен түр-тұлға, киім киісі жалпыхалықтық еліктеуге айналады. Жазушылардың ерекшелігі де сонда шығар...
Театр • 12 Қараша, 2021
Елордалық Музыкалық жас көрермен театры қабырғасында өнертану докторы, театр сыншысы, Халықаралық театрлар сыншылары бірлестігінің президенті Лаша Чхартишвилимен кездесу өтті.
Елорда • 12 Қараша, 2021
Елорда филармониясында тұңғыш рет сазсырнай және оның түрлерімен шығармашылық концерт өтті.
Өнер • 12 Қараша, 2021
Интерьерлік қуыршақтар көрмесі
Алматы қаласында «Мәңгілік біргеміз» атты Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтіп жатыр. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ұйымдастырылған көрме адамзаттың ғарышқа алғаш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналып отыр.
Өнер • 11 Қараша, 2021
Ахматова: Өлең. Портрет. Өмірбаян.
Әдебиетте бейнесі аңызға айналған ақындар болды. Соның бірі – Ахматованың портреттері. Оның суретін Амедео Модильяни мен Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский мен Алексей Баталов салған. Өнертанушы Эрих Голлербах айтқандай, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар» деседі.
Әдебиет • 22 Қазан, 2021
Бүгінгідей күздің қоңыр салқынында себепсіз Сайынды оқығың келетіні қызық. Әрине, кезекті рет. Сөреңде оқылмаған түрлі кітаптар сықиып тұрса да, дәл осы мезгілде ешқайсысына зауқың болмайды. Іштегі бір дауыс «Қылауды», «Жабайы алма» мен «Жусан исін» іздеп тұрады. Иә, көңіл күй де кітап талғайды. Әсіресе, күрең күздің сары-ала сағынышқа толы күндерінде кейіпкер-Әсетпен («Басында Үшқараның») бірге сонау өлкедегі туған ауылға, алыс-алыс қыраттарда қалған балалық шаққа – жып-жылы естеліктерге сапар шеккіміз келер. Әлде күн суыса, Сайынға тартатын Аянның көкесінің жусан исі сіңген күпәйкесі ме екен...
Саясат • 15 Қазан, 2021
Жамбыл – ұлт руханиятының айнасы
Ел астанасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, депутаттар мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Өнер • 14 Қазан, 2021
Алматылық өнерпаз Әмина Арыстанбек Италияда өтетін дәстүрлі халықаралық фестивальге жолдама алды. Sanremo Junior-2021 байқауының финалына өткен 10 жастағы қыз Армения, Украина, Ресей, Италия, Мальта және Израилден қатысатын жас таланттармен бірге бақ сынайды. Айта кетейік, фестиваль 11-14 қазан аралығында өтеді.
Өнер • 14 Қазан, 2021
Қазақстандағы Ресейдің Мәдениет күндері аясында Ұлттық музейде «Вологда шілтері» атты көрме ашылды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі ұйымдастырған іс-шараның ашылуына Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Ольга Ярилова қатысты.
Өнер • 06 Қазан, 2021
Бүгін ел астанасында Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен һәм Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Бала дауысы» ән байқауының бірінші финалдық концерті өтеді.