
Өнер • 30 Тамыз, 2021
Күйіковтің шығармалары ұсынылды
Суретші, антиядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ұсынды. Экспозиция Қарағанды қаласындағы Достық үйінде ашылды.
Театр • 27 Тамыз, 2021
Қуыршақ театры фестивальға барады
Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры өзінің негізгі миссиясы – балдырған көрермендерді қызықты қойылымдар арқылы тәрбиелеуді ешқашан ұмытқан емес. Карантин уақытында театр сахнасы жабық болғанымен өнер ұжымы шығармашылық ізденістерін тоқтатпады. Актерлер онлайн форматта шеберлік сағаттары мен танымдық айдарлар ұсынып, тікелей эфирлер ұйымдастырды. Оған қоса Қуыршақ театры халықаралық дәрежеде онлайн және офлайн форматта өткен фестивальдарға қатысып, жүлделі болғаны есімізде.
Қоғам • 27 Тамыз, 2021
Ақиқатында, көркемөнер адам таңдамайды, ешкімді алаламайды. Өнерге әркім әртүрлі жолмен келеді. Біреулер талантын шыңдап, өнерге қызығушылықпен аяқ басады: қалағанынша еркін айналысады. Енді біреулер әлемге деген іштегі қарсылығын өнер арқылы көрсеткісі келеді. Жанкештілікпен айналысады. Мұндай тағдырлы жандардың қатары көп емес. Әлқисса.
Тәуелсіздік • 26 Тамыз, 2021
«Өзбекстанның халық әртісі» атанды
Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қандасымыз, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов «Өзбекстанның халық әртісі» атағын алды.
Әдебиет • 24 Тамыз, 2021
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасы қанша айшылық жол екен? Жер мен Күннің арақашықтығындай ма, әлде одан сәл жақын ба? Жалпы, бірінің біріне қатысы бар ма өзі? Қатысы болса, мерейтойлық аудармамен ғана шектеле ме? Ал қатысы жоқ десеңіз, әлем әдебиетін неге құбылаға теңейміз? Жұмыс күнінің басында осындай беймаза сұрақтар ойға қайдан келеді екен...
Кино • 24 Тамыз, 2021
Қазақстандықтар «Киллер кодексі» фильміне түсті
Қазақстанның Nomad Stunts каскадерлері әйгілі америкалық актер Сэмюэл Л.Джексонмен бірге «Киллер кодексі» фильміне түсті.
Кино • 24 Тамыз, 2021
Иордания Хашимит Корольдігінің астанасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақстандық кино күндері өтті.
Өнер • 24 Тамыз, 2021
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген көрерменге өзінің Stranger («Бейтаныс») атты әнін таныстырды. 19 тамызда Сочидегі Олимпиадалық парктің New Wave Hall сахнасында алғаш рет орындалған ән қобызбен сүйемелденіп, көпшілікті таңғалдырды. Ежелгі қазақ аспабы Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне айрықша реңк бергендей.
Әдебиет • 30 Шілде, 2021
Биылғы Букер сыйлығының лонг-тізімі жарияланды. Марапатқа ұсынылған 158 шығарманың 13-і іріктелген ұзын тізімге енді. Оның ішінде жақында ғана орыс тілінде жарыққа шыққан Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуроның «Клара мен күн» романы бар.
Әдебиет • 26 Шілде, 2021
«Соғыс және бейбітшілік»: Бірегей туынды ма, әлде «бос мылжың ба»?
Осыдан шамамен 150 жыл бұрын Ресейде аса ірі әдеби оқиға болды: Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романының алғашқы басылымы жарық көрді. Романның жекелеген тараулары бұдан бұрын да басылып келген еді. Толстой оның алғашқы екі тарауын Катковтың «Русский вестнигінде» бірнеше жыл бұрын жария ете бастаған. Дегенмен, романның «канондық», толық және өңделген нұсқасы жылдар өте жарық көрді. Бұл әлемдік деңгейдегі шедевр һәм бестселлер, бір жарым ғасыр ішінде көптеген ғылыми-зерттеуге арқау болды, оқырмандар тудырған түрлі аңыздан да құр қалмады. Әлқисса.