Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1043 материал табылды

Өнер • 05 Шілде, 2021

«Әйелдің басы» табылды

Грекия полициясы осыдан тоғыз жыл бұрын ұлттық галереядан ұрланған Пабло Пикассоның картинасын тапты.

Тәуелсіздік • 05 Шілде, 2021

Абай шығармалары – норвег тілінде

Абай шығармалары тұңғыш рет норвег тілінде жарыққа шықты. Бұл –осы мемлекеттегі Қазақстан елшілігінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тартуы. Хакімнің қара сөздері мен таңдамалы поэзиясын (Abais dikt og visdomsord) норвег тіліне аударған тәжік-норвег жазушысы, әдебиеттанушы Лютфия Бобоёрова. Sirkel Forlag баспасынан 1500 данамен басылып шыққан құнды еңбек Норвегия кітапханалары мен кітап дүкендеріне таратылды. Аудионұсқасы да жазылған. Айта кетейік, еңбек норвег тіліне аударылған қазақ классикалық әдебиетінің алғашқы үлгісі болып табылады.

Әдебиет • 02 Шілде, 2021

Әдебиетті қолдау бағдарламасы әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді

Елімізде мемлекеттің тікелей қолдауымен кітап шығаратын һәм оны кітапханаларға таратып, белгілі бір мөлшерде қаламақы беретін жалғыз бағдарлама бар: «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары». Ол екі бағыттан тұрады: әдебиеттерді сатып алу және басып шығару мен тарату. 2017 жылдан бастап іске асқан бұл бағдарламаның сатып алу бағыты бойынша автордың құқын 70 жылға шектейтін. Былтыр «Мәдениет туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізіліп, автор­лық құқықты сатып алу мерзімі 5 немесе 3 жылға қысқарды. Сондай-ақ қоғамдық маңы­зы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату бағытында басылымға өтінімдерді қабыл­дау Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы арқылы жүзеге асырыла бастады.

Өнер • 30 Маусым, 2021

«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында «Астана Опера» театрында мәдениет пен өнерді насихаттап жүрген журналистер «Алтын Томирис» сыйлығымен марапатталды. Айта кетейік, бұл сыйлық биыл алғаш рет беріліп отыр.

Тәуелсіздік • 30 Маусым, 2021

Қылқалам шеберлері қара үзді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауының І кезеңіндегі жеңімпаздары анықталды.

Технология • 29 Маусым, 2021

ЭКСПО – мүмкіндіктер қалашығы

Ел абыройын асқақтатып, айрық­ша жетістіктердің бірі болған ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сі­нің өткеніне де төрт жыл толыпты. Елорда үш ай бойы 115 ел мен 22 ха­лық­аралық ұйымның басын қос­қан ЭКСПО шағын қалашығына айналған-тын. Көрмеден кейін бұл аумақ іскерлік орталыққа айналып, тап­тырмас туристік орын әрі бас қала­дағы мәдени-рухани, танымдық түрлі жобалардың ошағына айналды.

Әлем • 25 Маусым, 2021

Соғыс тақырыбы сыйлық алды

Әлемдік аренадағы беделді әдеби сыйлықтардың бірі – Халықаралық Букер сыйлығы. Бұл марапаттың биылғы жүлдесі француз жазушысы Дэвид Диопқа бұйырды. Британдық тәуелсіз Pushkin Press баспаүйінен басылған «Жан бауырым» (Frère d’âme) романы қазылар алқасын таңғалдырған деседі. Айта кетейік, жеңімпаз есімін Ковентри соборында өткен салтанатты рәсімде қазылар алқасының төрағасы, британдық жазушы Люси Хьюз-Халлетт жария еткен еді.

Аймақтар • 25 Маусым, 2021

Тәуелсіздік жетістіктері талқыланды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес», деген еді. Өткен уақытты сараласақ, Тәуелсіздіктің 30 жылында ел тарихында үлкенді-кішілі көптеген жұмыстар атқарылды: экономикамыз қарқынды дамып, әлеуметтік салаларда бұрын-соңды болмаған жетістіктерге қол жеткіздік. Сонымен қатар мәдени-рухани өмірімізде де бірталай өзгеріс орын алды.

Өнер • 24 Маусым, 2021

Үздік музыкалық вакцина

«MuzVac – үздік музыкалық вакцина!» атауы­мен өткен «Астана кеш­те­рі» Х халықаралық өнер фестивалі үл­кен гала-концерт­пен аяқталды. Іс-шара халық денсаулығын қор­ғап, коронавирус­пен күресте ал­дыңғы шептен көрінген медицина қызметкерлеріне алғыс айту мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақстан • 23 Маусым, 2021

Баспа ісі бәсекені талап етеді

Еске салсақ, 2004 жылдан бері ТМД мемлекеттерінің баспалары арасында жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Искусство книги» атты халықаралық байқау бар. Кейінгі жылдары бұл бәйгенің аты шығып, абыройы артып, салмағы еселене түскен. Былтырғы жыл қорытындысында да қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар жоғары нәтиже көрсетіп, әр аталым бойынша жүлделі орындар иеленген еді.