Taza.kz
Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1129 материал табылды

Саясат • 15 Қазан, 2021

Жамбыл – ұлт руханиятының айнасы

Ел астанасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, депутаттар мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өнер • 14 Қазан, 2021

Әмина – Италия сахнасында

Алматылық өнерпаз Әмина Арыстанбек Италияда өтетін дәстүрлі халықаралық фестивальге жолдама алды. Sanremo Junior-2021 байқауының финалына өткен 10 жастағы қыз Армения, Украина, Ресей, Ита­лия, Мальта және Израил­ден қатысатын жас талант­тар­мен бірге бақ сынайды. Айта ке­тейік, фестиваль 11-14 қазан ара­лығында өтеді.

Өнер • 14 Қазан, 2021

Мәдени байланыстар мәйегі

Қазақстандағы Ресейдің Мәдениет күндері аясында Ұлттық музейде «Вологда шілтері» атты көрме ашылды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі ұйымдастырған іс-шараның ашылуына Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Ольга Ярилова қатысты.

Өнер • 06 Қазан, 2021

«Бала дауысы» – бірегей жоба

Бүгін ел астанасында Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен һәм Мәдениет және спорт минис­трлігінің, Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Бала дауысы» ән байқауының бірінші финалдық концерті өтеді. 

Қазақстан • 04 Қазан, 2021

Мәдени байланыс нығайды

Қазан айы Қазақстанда Беларусь Респуб­ликасының мәдениет күндері аясында елорда жұртшылығы «Керуен» ойын-сауық және сауда орталығындағы кинотеатрдан 10-нан астам беларусь фильмін тегін тамашалады.

Өнер • 30 Қыркүйек, 2021

ЭКСПО көрмесінде

Astana Ballet Дубайдағы ЭКСПО-2020 бүкіләлемдік көрме­сінде екі қойылым көрсетеді. Ду­бай опера сахнасында 27-28 қазан күндері «Махаббат туралы аңыз», ал 29-30 қазанда «Бейбарыс сұл­тан» балеті ұсынылады.

Кино • 27 Қыркүйек, 2021

Қазақ тілінде дубляждалады

Елімізде «Кинематография туралы» заңға сәйкес фильм­нің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау тала­бы енгізілмек.

Кино • 24 Қыркүйек, 2021

Деректі картиналар додасы

Алматы қаласында 23-28 қыркүйек ара­лығында Chaplin Mega Park кино­театрын­да QaraFest фильмдері көр­се­тіледі. Бағдарламада Чили, Түр­кия, Шве­ция, Германия, Норвегия, Фин­ляндия, Грузия, Бель­гия, АҚШ және Румыниядан он туын­ды бар. Бар­лық фильм түп­нұс­қа тілінде, қазақ және орыс субтитр­лерімен көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль 30 қыркүйек пен 9 қазан күн­дері өт­кізілмек. Айта кетейік, көрсе­ті­лімдер «Сорос-Қа­зақстан» қоры­ның және нидерландтық movies That Matter кинофестивалінің гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйым­дастырылып отыр.

Әдебиет • 23 Қыркүйек, 2021

Қош бол, Америка!

Өткен ғасырларда АҚШ-та «америкалық арман» феномені пайда болды. Олар осы феноменнің ізімен бай-бақуатты, ізгі қоғам қалыптастыруға ұмтылды. Яғни «америкалық арман» – адамды бақытқа жеткізеді: материалдық, моральдық тұрғыдан да халық бай болады. Бұл еркін, мүмкіндігі мол қоғамның ұлттық иммунитетін көтереді», деді. «Егер америкалық жүйе америкалық саясаттың қаңқасы болса, онда америкалық арман – оның жаны» деп есептеді. Әлқисса.

Яндекс.Метрика