Экономика • 29 Қараша, 2021
Сыр бойында бизнесті дамытуға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың барлық мүмкіндігі пайдаланылды. Биыл 1 975 жоба «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары мен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық қоры арқылы 23,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Былтырмен салыстырғанда осы жылы несие портфелі 6 есе ұлғайыпты.
Аймақтар • 29 Қараша, 2021
Құрбандарды ақтау мәселесі ғылыми тұрғыда зерделенді
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті. Жиынға өңірлік комиссия мүшелері, облыстық жұмысшы тобы мамандарымен қатар қала және аудандық жұмысшы топ өкілдері онлайн режімде қатысты.
Аймақтар • 24 Қараша, 2021
Көтерем мал қыстан аман шықса игі
Сырдағы биылғы қуаңшылықтың үлкен сынағы алда тұр. Өткен қыс қарсыз болып, көктемде де көктен мардымды ештеңе тамбағаны малды ағайынның арқасына аяздай батқан мәселеге айналған. Әсіресе, Арал ауданында ылғалдың жоқтығынан жерге қылтанақ та шықпай қалып, біраз мал шығын болды. Біраз түлік тартылған көлдің жағалауындағы ұйыққа батып өлді. Осыдан кейін ауданда төтенше жағдай жарияланып, мал азығын дайындау, жеткізу жұмыстарын үйлестіретін облыстық және аудандық штабтар құрылды.
Қазақстан • 22 Қараша, 2021
Туған жерге ырыстан қазық қаққан
Сыртқа шыққанда Сыр бойы, Шиелі туралы әңгіме айтыла қалса кешегі тарих есінде қалған елдің «Е-е, жарықтық Ыбекең түлеткен топырақ қой» деп жататыны бар. Ыбекеңі – кәдімгі екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев.
Коронавирус • 19 Қараша, 2021
1150 тұрғын Ashyq тәртібін бұзған
Індет белгісі байқалғалы бері облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 19 170 жағдай тіркеліпті. Әсіресе, осы жылы бойынан вирус табылғандар көп. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда биыл аурушаңдық көрсеткіші 3 есеге ұлғайған. Дегенмен соңғы 2 айда індетке шалдыққандар қатарының азайғаны байқалады.
Аймақтар • 16 Қараша, 2021
Қызылордада ақылы жол іске қосылады
Осы айдың ортасынан бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» күре жолы ақылы негіздегі жүйеге қосылады. Ақылы жол тарифі жеңіл көліктерге 1 шақырымға – 1 теңге, жүк көліктері мен автобустарға техникалық көлеміне байланысты 5 пен 25 теңге аралығында болады. Бұл туралы Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлап отыр.
Аймақтар • 12 Қараша, 2021
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен энергетика саласындағы өзекті мәселелер бойынша отырыс өтіп, онда аймақтағы электр жарығының тапшылығы талқыланды.
Аймақтар • 11 Қараша, 2021
Қызылорда облысында тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,8% болып отыр. Азық-түлік тауарлары 8,3%, азық-түлік емес тауарлар бағасы 6,7%, ақылы көрсетілетін қызметтер құны 4,9%-ға өскен. Бұл – облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша кеңейтілген отырыста айтылған статистикалық деректер.
Аймақтар • 10 Қараша, 2021
Қызылорда облысында электр энергиясына шектеу тоқтатылады
Соңғы күндері Қызылорда облысында электрмен қамту жүйесіне арнаулы шектеулер қойылған болатын. Ертеңнен бастап осы шектеу алынып тасталып, тұтынушылар электр энергиясымен толық қамтылады.
Аймақтар • 10 Қараша, 2021
Өңдеу өнеркәсібіне қаржы құю ұлғайды
Биылғы 9 айда Қызылорда облысына 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Аймақта мұнай өндіру көлемі 274 мың тоннаға төмендегенімен кен өндіру өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 62,2 млрд теңгеге жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,8 млрд теңгеге ұлғайды. Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде көрсеткіш 2,6 есеге артқан. Бұл туралы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев айтып берді.