
Коронавирус • 05 Ақпан, 2021
Қызылордада COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау басталған 1 ақпанда – 105, келесі күні 160 адам екпе алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2021
Қызылордада 3 күнде 340 адам вакцина салдырды
Қызылорда қаласында «COVID-19» жұқпасына қарсы екпе жасау жұмыстары қарқынды жүруде. Облыс орталығында 3 күн ішінде 340 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 320-сы медицина қызметкерлері, қалғаны қарапайым тұрғындар.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2021
Өткен жылғы өрелі іс жалғасын табады
Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Тасбөгет және Белкөл кентінің тұрғындарына онлайн форматта есеп берді. Есептік кездесуде шаһар басшысы қаланың және кенттердің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жыл көлемінде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2021
Қызылорда қаласының әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Есептік кездесуде шаһар басшысы қаланың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жыл көлемінде қол жеткен жетістіктеріне тоқталып, биылғы жұмыс жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2021
Биыл Қызылордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 30 жоба жүзеге асады
Өткен жылы облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 259 жоба аяқталып, 10 мыңға жуық адам жұмыс тапқан. Өткен жылы басталған екі жоба биыл аяқталады. Сонымен қатар жаңадан 28 жоба үшін бюджеттен қаржы бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2021
Қызылордада зейнетақы қорындағы қаржыны 29 мыңнан астам адам ала алады
Бүгінде республика бойынша салымшылардың зейнетақы қорындағы қаржысының шекті мөлшерден асқан бөлігін алу үшін «Отбасы банкінен» 107 774 арнайы шот ашылған. 50 мыңға жуық азаматтың өтінімі мақұлданды. Ал облыста зейнетақы қорындағы қаржыны 29 мыңнан астам адам алуға құқылы.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2021
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары өңірде алғашқы болып вакцина салдырды
Қызылорда облысында COVID-19-ға қарсы вакцинацияда облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет алғашқы болып егілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 01 Ақпан, 2021
«Еңбекші қазақ» басылған баспахана
Кезінде елдің астанасы болған Ақмешітте тарихи орындар көп. Соның бірі – іргесі ХІХ ғасырда қаланып, әуелі қыздар приход училищесі, кейіннен Перовск училищесі, 1925-1929 жылдары баспахана орналасқан ғимарат.
Өнер • 31 Қаңтар, 2021
Жосалы кенті орталығындағы Жыраулар үйінде белгілі жырау, дәстүрлі өнер көшіне талай дарынды жасты қосқан ұстаз Бидас Үрістембекұлының 70 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Қызылорда облысында филармония жанынан қосымша ғимарат салынды
Қызылорда облысында мәдениет саласы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 22 жоба іске асырылды. Бұл туралы коммуникациялық қызмет орталығында өткен брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова хабарлады.