Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Дәрігерлерге ескерткіш орнатылды

650 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Былтыр коронавирус жаңа басталған тұста бар салмақ дәрі­герлерге түсіп, олар дерегі белгісіз дертпен күресте мың­даған жанды ажалдан арашалап қалды. Эпидахуал өрші­ген кез­де айлап үй бетін көрмей еңбек еткен медицина маманда­ры­ның арасында осы індет тырнағына ілініп, көз жұмғандар да бар.

Дәрігерлерге ескерткіш орнатылды

Олар ақырына дейін өзде­рі­нің антына адал болды. Қы­зылор­да қаласында медицина мамандарының кәсіби мерекесі күні өзгенің саулығын қорғай жү­ріп, өз өмірін қиғандардың ер­лігін еске салып тұратын ес­керт­кіш ашыл­ды.

Қызылорда жоғары меди­ци­налық колледжі ауласынан орын тепкен ескерткіш бел­гінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова, сала арда­герлері қатысты. Облыс әкі­мі­нің орынбасары медицина қызметкерлерінің ел ден­саулығын сақтау жолында ат­қарған қыз­метіне лайықты ба­ға беріп, олар­дың тынымсыз еңбегінің нәти­жесінде бүгінде өңірде ауру деңгейі тө­мен­дегенін атап өтті. Сала арда­герлері Тұрғанбай Маханов, Раи­са Көзденова дертпен алыс­қан әріп­тестерінің еңбегіне табыс тіледі.

– Мен ел саулығы жолында өмі­рін қиған әріптестерімізді бүгінгі заман­ның батырларына теңер едім. Олардың ерлігін ұмытпауға, ел болып ұлықтауға арналған ескерткіш үшін медицина қызметкерлері аты­нан алғыс білдіремін, – деді Т.Маханов.

Індетпен күресте жан қиған дәрігерлерге ескерткіш орнату идея­сының авторы – Q-Med ме­дициналық орталықтарының директоры Раушан Базарбай. Ол өзгеге жарық сыйлап, өздері мерт болған әріптестерінің ерлігін еске салатын мүсінді дайындауға, орна­туға өз қара­жатын жұмсады. Ал дизайнын жасаған – белгілі суретші Әлібек Қойлақаев. Оның қиялынан туған дүние Қызылорда қала­сын­дағы «Надыр» компаниясында мүсін­ге айналды.

Қорғаныш костюмінде Жер ша­рын құшақтап отырған дәрі­гер бейнесінің болашақ мамандар дайындайтын оқу орны ауласына қойылуында мән бар.

– Мен дәрігерлердің ін­дет өр­шіп тұрған кездегі жанқиярлық еңбегіне талай мәрте куә болдым. Сондықтан да мыңдаған жанды індет тырнағынан арашалап, өздері құрбан болғандарға құрмет көрсету былтырдан бері ойда жүрген іс еді  Соның сәті бүгін түсіп жатыр. Осы колледжде білім алып жатқан болашақ мамандарға антына адал болған аға буын әріптестерінің ерлігі үлгі болады деген ойдамын, – дейді Р.Базарбай.

Сыр өңірінде коронавирус­пен күреске жұмылған маман­дар арасынан 19 медицина қыз­меткері қайтыс болды. Ша­раға олардың туыстары қа­тысып, ес­керткішке гүл шоқ­тарын қойды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025