Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1971 материал табылды

Қоғам • 15 Қыркүйек, 2021

Елдегі әлеуметтік асхана

Төрткүл дүниені тәжтажал жайлағалы тұрмыстан тарылған елдің жағдайына бейжай қарамайтын кәсіпкерлер түрлі әлеуметтік жобаларды қолға алып, шамасы жеткенше шарапатты іспен айналысуға бет бұра бастады. Қолынан іс келетін мұндай азаматтарға мемлекет те көмегін аяп отырған жоқ. Кәсіпкерлікті дамыту институттары арқылы қомақты қаржы гранттарын бөліп жатыр.

Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021

Жалпыға жанашыр кәсіпорын

Рудный қаласында «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсімде қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан шүлеңгір кәсіпорындардың басшыларына құрмет көрсетілді.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021

Көлқамыспен бірге көгерген әулет

Қостанай облысының Жан­гелдин ауданына қарасты Көлқамыс ауылындағы Карбозовтар әулеті өнегелі тіршілігі мен еңбекқорлығы арқылы ел ықыласына бөленіп, бүтін бір ауылдың жарасымды ынтымақ-берекесіне ұйытқы болып отыр.

Өнер • 13 Қыркүйек, 2021

Ахметсапаның қысқаша өмірбаяны

Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – алаш» атты үш томдық түрме әпсанасында өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басында алғашқылардың бірі болып атылып кеткен Ахметсапа Юсупов туралы да қысқа мағлұмат берілген. Ахметсапа туралы ғалым «Осы адамның тарихы жұмбақ» деп түйіндепті.

Коронавирус • 10 Қыркүйек, 2021

Аурухана қалыпты жұмысына көшті

Өз жұмысын осыдан бір ай бұрын тоқтатып, ин­фек­циялық стационар қызметін атқару­ға көш­кен Қостанай қалалық ауруханасы қай­тадан қалып­ты режімде жұмыс істей бас­тады. Бұған дейін об­лыстық денсаулық сақтау басқармасы бас­шы­сы­ның бұйрығымен мұнда коронавирус жұқ­тыр­ған науқастарға арналған 280 төсектік орын қо­йы­лып, 20 орындық жан­сақтау бөлімі ашылған еді.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Бизнестің негізін мектепте меңгереді

Заманға сай оқу талабы да өзгеріп отыратыны белгілі. Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесінде мектеп қабырғасында жүрген баланың кәсіпкерлік сауатын ерте жастан ашу мәселесіне баса мән беріліп отыр. Мәселен, биыл Қостанай облысында орта білім беретін 158 білім ошағында «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» пәні оқытыла бастады. Сондай-ақ өңірдегі 28 колледжге кәсіпкерлік бастаулары жеке пән ретінде енгізілген.

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2021

Аманат арқалаған «Аманат»

Қостанайда даму ерекшелігі бар балаларға арналған түзету орталығы ашылды. «Аманат» деп аталатын жаңа коррекциялық орталық қазірше ақылы түрде жұмыс істеп жатыр. Бірақ ата-аналар түптің түбінде балаларымыз бұл жерде тегін тәрбиеленетін болады деген үмітте.

Тәуелсіздік • 08 Қыркүйек, 2021

Тобылда «Тәуелсіздік аллеясы» ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тобыл қаласының орталы­ғында жаңа аллея ашылды. Қала тұрғындары үшін қолайлы демалыс алаңының құрылысы биыл мамыр айында басталған. Содан бері жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алаңқай аумағына жарық тартылды.

Экология • 05 Қыркүйек, 2021

Қорғалжыннан келген қонақтар

Биыл Торғай даласындағы «Алты Сай» эко­саябағына қоқиқаз қонды. Қазақстан био­алуан­түрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, елімізде бұл құстың жалғыз-ақ түрі бар, ол – қызғылт қоқиқаз. Мамандар бұл кербез қанаттылардың Торғайдан төрт жүз шақырым қашықтықта жатқан Қорғалжын мемлекеттік қорығындағы Теңіз көлінен ұшып келуі мүмкін деп болжайды.

Туризм • 05 Қыркүйек, 2021

Тобыл тарихымен танысты

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұйымдастырған «Атамекен» республикалық экспедициясы Қарағанды мен Ақмола облыстарынан кейін Қостанай өңірінде жалғасты. «Атамекендіктер» Тобыл ала­бын­да орналасқан үш ауданды аралап, киелі орындарға аялдады, жергілікті тұр­ғын­дар­мен кездесіп, өңір тарихы мен ішкі туризмді дамыту жөнінде ой бөлісті.

Яндекс.Метрика