
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020
«Дипломмен ауылға»: Қостанай облысында 4 мыңға жуық мұғалім жұмысқа орналасты
Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биыл аймақта 3,5 мың мұғалімге 463,3 млн теңге көтерме жәрдемақы төленген. Сондай-ақ, ауыл мектептеріне барған 1 жарым мыңнан астам жас маман баспана сатып алуы үшін 4 млрд теңге көлемінде несие алған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы аясында Рудный қаласында пайдалануға берілген оңалту орталығының ашылу рәсімінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы София Синицинаға «Елбасы медалін» тапсырды.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020
Қостанайда жаңа мектеп пайдалануға берілді
Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында қазақ және орыс тілінде білім беретін 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына өңір басшысы Архимед Мұхамбетов арнайы қатысып, ұстаздар ұжымы мен шағын аудан тұрғындарын құттықтады.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Полицейлер мұқтаж ананың үйіне көмір түсіріп берді
Арқалық қалалық полиция басқармасының полицейлері мұқтаж отбасына 3 тонна көмір түсіріп берді, деп хабаралайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Арқалық полицейлері көп балалы отбасына көмек көрсетті
Арқалық қаласының тәртіп сақшылары 10 бала тәрбиелеп отырған Мизамхановтар отбасына азық-түлік пен балалардың оқуына қажет кеңсе құралдарын тарту етті. Бұл үйдегі балғындардың бәрі мектеп жасында, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020
Қостанайда жаңажылдық шырша бой көтерді
Қостанайдағы орталық алаңға жаңажылдық шырша орнатылды. Қала орталығындағы субұрқақтар түрлі-түсті жаңажылдық әжекейлермен көмкеріліп, облыстық әкімідік ғимараты пен өлкетану музейін жалғап жатқан ашық алаңқайда жұлдызды қалашық пайда болды.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020
Кейінгі жылдары Қостанай облысында мал ұрлығы белең алып кетті. Облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Айтмағамбетов аймақ тұрғындарымен әлеуметтік желі арқылы онлайн режімде өткен кездесуінде өңірде биыл 189 мал ұрлығының тіркелгенін тілге тиек ете келіп, қылмыстың бұл түрі көбіне тұрғындардың қорадағы малды қараусыз жібере салуының салдарынан болатынын айтты.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2020
Рудныйда өрт шыққан пәтерден екі адамның денесі табылды
Қостанай облысы Рудный қаласындағы бес қабатты үйден шыққан өрттен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2020
Қарасудың наны қара судан арзан
Қостанай облысындағы ең арзан нан Қарасу ауданына қарасты Железнодоржный ауылында сатылады. Бұл елді мекенде бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген салмағы 600 грамм бір бөлке нанның бағасы 50 теңге, ал екінші сұрыпты нан небәрі 40 теңге тұрады.
Ахмет Байтұрсынұлы • 20 Желтоқсан, 2020
Ахмет Байтұрсынұлының Арқалықтағы ескерткіші жүдеу тұр
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының Арқалық қаласындағы ескерткіші әбден тозығы жетіп, аянышты күйге түскен. Осыдан 8 жыл бұрын қараша күзде орнатылған мүсіннің шамамен екі метрден асатын тас тұғырына жапсырылған арзан, жұқа шынытасы әр жерден шытынап, аршылып, сөгіліп жатыр.