
Аймақтар • 23 Қараша, 2020
Қостанай облысының агроөнеркәсіп саласы биылғы он айдың ішінде 515,1 млрд теңгенің тауарын өндіріп, жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан ауқымды қолдау шараларының маңызы зор. Таяуда аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығы саласының жұмысы қорытындыланды.
Аймақтар • 20 Қараша, 2020
Жітіқара тұрғыны еденнің астына есірткі сақтаған
Құны 12,5 млн теңгеге болатын героинді Жітіқара тұрғыны еденнің астында сақтаған, - деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 20 Қараша, 2020
Қалалық аурухана жас дәрігерлермен толықты
Рудныйдағы көпсалалы қалалық аурухана ұжымы 12 жас маманмен толықты. Емдеу мекемесін кадрмен қамтамасыз ету мәселесі бос орындар жәрмеңкесі арқылы шешіліп отыр.
Экономика • 20 Қараша, 2020
Қостанай облысында әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы кешенді шаралар қабылдамақ.
Аймақтар • 19 Қараша, 2020
Үй күтушісі пәтер иесінің ақшасын қолды еткен
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қаладағы "Оңтүстік" полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны пәтерінен 7200 доллар және 2800 еуро көлеміндегі қомақты ақшаның ұрланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Қараша, 2020
Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері аймаққа қосымша шектеу шараларын енгізу туралы қаулы қабылдады. Қаулыға қол қойылған 17 қарашадан бастап облыс аумағына, сонымен қатар Қостанай және Рудный қалаларына кіріп-шығуға шектеу қойылды. Бірақ Қостанай мен Рудный қаласынан өзге елді мекендердің арасындағы жол қатынасына кедергі жоқ.
Тағайындау • 18 Қараша, 2020
Ұзынкөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Ұзынкөл ауданының жаңа әкімі болып бұған дейін облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарған Мұрат Сандыбаев Міртайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2020
Қостанайлық полицейлер 474 қылмысты қызметтік иттің көмегімен ашқан
2020 жылдың алғашқы 10 айында Қостанай облысының полицейлері қызметтік иттердің көмегімен 474 қылмысты ашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2020
Экспорт: Бидайдың бәсі, ұнның бәсекесі жоғары
Қостанай облысының астықты алқабы әлемнің отыз шақты мемлекеті үшін ырыздық көзі болып саналады. Биыл астықты аймақ ауылшаруашылық өнімдерінің өзге түрлерін қоспағанда, жыл басынан бері 20 елге бидай, 7 мемлекетке жоғары сапалы таза ұн жөнелтті.
Қоғам • 18 Қараша, 2020
Шағын қаладағы «ақылды» тепловизорлар
Лисаковта бірнеше кәсіпкер бірлесіп, қаланың орталығындағы адам ең көп жиналатын көпшілік орындарға үш бірдей тепловизор орнатты. «Қазір әлемнің қай түкпірінде болсын пандемияға қарсы күрес жүріп жатыр. Біз де тек жергілікті биліктің аузына қарап отыра бермей, өзіміз өмір сүріп жатқан қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндігімізше үлес қосуды жөн көрдік», дейді кәсіпкерлер.