
Руханият • 08 Қазан, 2020
Қостанай қаласының орталығындағы тұрғын үйлердің маңынан өзіміз көп оқып, жиі естіп жүрген кәдімгі әупілдек құс табылды. Бір қанаты қайырылып, ұша алмай қалған сирек кездесетін жыл құсын қаладағы пәтер иелерінің тұтынушы кооперативінің жұмысшысы ұстап алған. Бір аптадан бері кооператив ұжымы әупілдекке пана болатын орын іздеп әуре.
Аймақтар • 08 Қазан, 2020
Қостанай облысында ауылдық елді мекендерге тұрақтап қалған жастардың үлесі артып келеді. Жұмыспен қамту басқармасы мамандарының айтуынша, кейінгі жылдары жоғары оқу орындарын тәмамдаған жастардың көбі қалада емес, ауылда жұмыс істегісі келеді. Оған жастарды ауылдық елді мекендерге барып еңбек етуге ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар мен ауыл шаруашылығының өркендеп, дамып, сала мамандықтарының абырой-беделінің арта түскені себеп болып отыр. Бүгінде кейінгі төрт-бес жылда университет бітірген жас экономистер, инженерлер мен агрономдар егін және мал шаруашылығын кәсіп етіп, ауылды көркейтуге атсалысып жүр.
Қоғам • 07 Қазан, 2020
Ресейдің Қостанай облысымен іргелес аймақтарында эпидемиялық ахуал мәз емес. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Челябі облысында 5 қазанда 94 адамнан короновирус анықталған. Оның жетеуі – мектеп жасындағы балалар. Дәл осы күні «Вечерний Челябинск» газетінің тілшісі, журналист Барлық Әлмағамбетов 55 жасқа қараған шағында COVID-19 індетінен көз жұмды. Қорған облысы да Қостанай өңірімен шекаралас жатыр. Бұл облыста кеше 55 адамнан COVID-19 анықталды.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Жылқы ұрлаған күдікті шекарашылардың қолына түсті
Қостанай облысында шекарашылар жылқы ұрлаған азаматты ұстады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Жітіқара ауданында санитарлық бекет жұмыс істей бастады
Бүгін Жітіқара ауданындағы "Желқуар" шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылып, шекараның арғы бетінен бері өткендердің міндетті түрде қызуы өлшеніп, сауалдама алына бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Қазан, 2020
Қос азаматтық алғандар алаяқ па?
Қостанай облысында жыл басынан бері қос азаматтығы бар 300-ден астам азамат анықталған. «Екі жеп биге шыққан» ептілердің біразы ондаған жылдар бойы екі мемлекеттен зейнетақы алып келген. Көші-қон департаментінің бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, таяуда тағы 27 тұрғынның қос паспортпен жүргені әшкереленіп отыр.
Театр • 06 Қазан, 2020
Айтматовтың адастырмас «Құс жолы»
Қостанайдағы І.Омаров атындағы қазақ драма театры ХХІ маусымын Ш.Айтматовтың «Ана – Жер Ана» повесінің желісімен қойылған «Құс жолы» премьерасымен ашып отыр. Драмалық шығарманың режиссері – Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдықадыров.
Тағайындау • 05 Қазан, 2020
Рудный қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қалалық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергеновты тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қазан, 2020
«760greenkm» жобасы аясында жер жәннаты Жетісудан жүгіріп шыққан экомарафоншылар Тобыл төріне аялдады. Марафоншылар 18 күн ішінде 18 қалаға ат басын тіреп, ағаш көшеттерін отырғызуды көздейді. Талдықорғаннан 20 қыркүйекте шыққан үш әуесқой спортшы бұған дейін 8 қаланы жүгіріп өтіпті. Қостанай – тоғызыншы қала.
Қоғам • 05 Қазан, 2020
Өткен аптада облыс әкімдігінде аймақтың қыс маусымына дайындығы пысықталып, өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облыстың жылу маусымына дайын екенін мәлімдеді. Ал Қостанай жылу-энергия компаниясы (ҚЖЭК) 28 қыркүйектен бастап барлық жылу көзін іске қосты. Енді пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативі біртіндеп тұрғын үйлерге жылу жібере бастайды.