Аймақтар • 03 Қараша, 2020
Ауыл – ел бесігі: Тұрмыс сапасы жақсарып келеді
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы басталған екі жылға жуық уақыт ішінде Қостанай облысында 258 елді мекенде аурухана, мектеп, балабақшалар жөндеуден өтіп, жүздеген көше бүтінделді. Былтырдың өзінде Әулиекөл, Меңдіқара, Қарасу, Сарыкөл және Федоров ауылдарында жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 72 жоба жүзеге асты. Ауылды дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың ауқымы биыл едәуір кеңейе түскен.
Медицина • 03 Қараша, 2020
Инфекциялық аурухана пайдалануға берілді
Қостанайда Covid-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Қаланың шетіндегі ашық алаңда бір жаздың ішінде бой көтерген жаңа заманауи стационар қазір науқастарды қабылдай бастады.
Аймақтар • 03 Қараша, 2020
Көшеде кісі өмірін сақтап қалды
Рудный қаласының учаскелік инспекторы Айдос Құлымбетов көшеде денсаулығы күрт нашарлап, құлап қалған қала тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалды.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Қостанай облысында интернет алаяқтар ұсталды
Қостанай облысының полицейлері ақпараттық технология саласындағы қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өткен "Hi-tech" жедел алдын алу шарасы барысында интернет желісі арқылы жасалған 13 алаяқтық әрекетті анықтап отыр.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Қостанайда Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды
Қостанай қаласының орталығында, Ы.Алтынсарин мен Л.Толстой көшелерінің қилысындағы ашық алаңда ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин ескертіші ашылды. Ұлы ұстаздың 180 жылдығы қарсаңында бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ыбырайтанушы ғалымдар, өңір зиялылары мен ардагер ұстаздар қатысты.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Ауа райы күрт құбылып, қара жерге қатқақ тұрып, қар басып қалғанына қарамастан Қостанайда абаттандыру жұмыстары толастамайды. Ашық демалыс орындарындағы бос жерлерге жасыл желек әсем шыршалар отырғызылды. Жөндеуден жаңа өткен көшелердің жағалауындағы кәрі ағаштар кесіліп, орнын жас көшеттер басуда.
Білім • 02 Қараша, 2020
Қазақ мектептеріне сұраныс артып келеді
Қостанай облысында 488 мемлекеттік, 6 жекеменшік мектеп бар. Оның 118-і – қазақ мектебі. Мемлекеттік тілде оқытатын білім ошақтарында 21 767 оқушы білім алады екен. Мұның сыртында, өңірдегі 114 аралас мектептің қазақ сыныптарында 11 017 бала оқып жатыр. Облыста жалпы саны 110 206 оқушы бар екенін ескерсек, соның 32 784-і ғана қазақ тілінде білім алады.
Аймақтар • 01 Қараша, 2020
Қостанай академиясында Талап Қабденов атындағы дәрісхана ашылды
Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденов атындағы дәрісхана ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қазан, 2020
Қостанайда жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді
Қостанайда COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2020
Қостанай университетінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасының жүзеге асу барысы талқыланды
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Қостанай өңірлік университетінің жанынан жұмыс істеп жатқан облыстық "Рухани жаңғыру" орталығында болып, офис жұмысымен танысып, орталық қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Egemen.kz.