
Аймақтар • 02 Шілде, 2020
Қостанай облысында дәрі-дәрмек жеткілікті
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Ержанованың айтуынша, аймақта 300-ге жуық дәріхана бар. Олардың дәрімен қамтамасыз етілуі мен баға тұрақтылығының сақталуы қатаң бақылауда. Бүгінге дейін дәрі тапшылығына байланысты тұрғындардан ешбір шағым түспеген. Бірақ дәріхана меннеджерлері вирусқа қарсы ішетін және дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмекке сұраныс артқанын хабарлап отыр.
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Қостанайда мәдениет пен өнер қызметкерлері марапатталды
Айшығы ерек Астана күні мерекесіне орай, Қостанайда аймақ мәдениеті мен өнер саласында біраз жылдардан бері табанды еңбек етіп келе жатқан бірқатар қызметкерлер марапатталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Қостанай облысында орман өрті сөндіріліп жатыр
Қарабалық ауданында Талды ауылының маңындағы орманды алқап өртенді. Қызыл жалын 13,3 га құрғақ шөп пен 3,6 га орман ағашын шарпыған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Бейқамдыққа бой алдыруға болмайды
Тобыл өңірінде соңғы бір аптаның ішінде COVID-19 жұқтырған 173 адам анықталып, науқас саны 500-ге бір-ақ жетті. Мұның сыртында, 389 тұрғын індеттің клиникалық көрсеткіші жоқ түрін жұқтырып, вирус тасымалдаушы деп танылып отыр. Ресми дерек бойынша індет ең көп тараған Қостанай қаласында – 177, Жітіқарада 157 жағдай тіркелген. Одан кейінгі орында Рудный, Тобыл және Арқалық қаласы тұр.
Қоғам • 01 Шілде, 2020
Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, аймақтағы ауылшаруашылық құрылымдарына 366 механизатор, 10 зоотехник, 20 малшы, 52 комбайншы, 40 мал дәрігері, 62 агроном, 50 дәнекерлеуші қажет екен.
Аймақтар • 30 Маусым, 2020
Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды
Бүгін облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Севостьянов аймақта шектеу шараларын ұзарту жөніндегі қаулыға қол қойды. Қаулы бойынша бұған дейін қабылданған шектеу шаралары ұзартылады және 1 шілдеден бастап күшіне енетін мынадай қосымша талаптар енгізілді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Маусым, 2020
Қостанай облысының 5684 тұрғынына қаржылай қолдау көрсетіледі
30 маусымнан бастап Қостанай облысының 11 ауданында тұратын мұқтаж жандар үшін 4-транш бойынша төлемдер басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоры бұған дейін Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаков қалалары мен Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара Федоров және Алтынсарин аудандарында тұратын 22 мыңға жуық мұқтаж жанға 50 мың теңгеден 3 рет демеуқаржы аударған болатын, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Қостанай облысында әлеуметтік осал топтарды қолдау орталығы ашылды
Қостанайдағы "Үміт-Надежда" қоғамдық бірлестігі пандемия жағдайында әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету орталығын іске қосты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Қостанайда провизорлық емдеу орны жұмыс істей бастады
Қостанай қалалық ауруханасы бүгін түстен кейін суық тиген, тұмау жұқтырған және өкпесі қабынған науқастардан басқа ауруларды қабылдауын тоқтатты. Бұдан былай қалалық аурухана 250 орындық провизорлық стационар қызметін атқаратын болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Қостанайда Қап тауынан әкелінген 130-дан астам автокөлік тіркелді
Қостанай облысында Армениядан әкелінген 130-дан астам автокөлік тіркелген. Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревскийдің айтуынша, аймаққа жалпы саны 763 армениялық автокөлік әкелінген, деп хабарлайды Egemen.kz