Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1715 материал табылды

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Ұрланған автокөлік 20 минутта иесіне қайтарылды

7 маусым күні таңғы сағат төрт шамасында Қостанай қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны Данат Біржанов қоңырау шалып, осыдан 10 минут бұрын белгісіз біреулер Алтынсарин көшесінде оның "ВАЗ 2110" маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін хабарлайды. Полиция бірден "Ұстау" жедел жоспарын құрып, іздеу шарасына кіріседі.

Өнер • 08 Шілде, 2020

Мерейі үстем Малика

Малика Мұқтарова былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды. Жоба барысында спортшы қызға 24 мың қазақстандық дауыс берген екен.

Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Қостанай облысының әкімі короновирустан емделіп шықты

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов бұл туралы "инстаграм" желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Руханият • 07 Шілде, 2020

Рекордтар кітабына күймен кірді

Былтыр Амангелді ауданында өткен астана мерейтойы мен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекеде мың домбырашы халық күйі «Келіншек» пен Құрманғазының «Балбырауынын» қосыла орындап, бүкіл Батпаққара даласын күймен тербеткен еді. Өңірге белгілі өнерпаз Олжас Қылдыбаев дирижерлік еткен күйшілер мыңдығының құрамында 5-сынып оқушысынан бастап 90 жас­ты алқымдап қалған қарияларға дейін болған.

Қоғам • 06 Шілде, 2020

6 мың адам қаржылай көмек алады

30 маусымнан бастап Қос­танай облысының 11 ауданында тұратын мұқтаж жандар үшін төртінші транш бойынша төлемдер басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры бұған дейін Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаков қалалары мен Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара, Федоров және Алтынсарин аудандарында тұратын 22 мыңға жуық мұқтаж жанға 50 мың теңгеден 3 рет демеуқаржы аударған болатын.

Аймақтар • 05 Шілде, 2020

Астана мерейтойына күй арнаған мың домбырашы Гиннесс кітабына енді

Былтыр Амангелді ауданында өткен Астана мерейтойы мен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекеде мың домбырашы халық күйі "Келіншек" пен Құрманғазының "Балбырауынын" қосыла орындап, бүкіл Батпаққара даласын күймен тербеткен еді.  Өңірге белгілі өнерпаз Олжас Қылдыбаев дирижерлік еткен күйшілер мыңдығының құрамында 5-сынып оқушысынан бастап 90 жасты алқымдап қалған қарияларға дейін болған, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 05 Шілде, 2020

13 адамның өмірін жалмаған улы спиртті шығарған 3 күдікті ұсталды

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 3-4 шілде аралығында Арқалық қаласында 13 адам 5 литрлік пластикалық құтыға құйылған спирттен уланып мерт болды. Қазір Арқалық ауруханасында спирттен уланған 3 адам жатыр. Екеуінің жағдайы қалыпты. 1971 жылы туған үшінші адам аса ауыр халде. Науқас жан сақтау бөлімінде жасанды демалдыру құрылғысының көмегімен тыныс алып жатыр, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 04 Шілде, 2020

Арқалықта этанолдан уланып 9 адам көз жұмды

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі алғаш 11 адам этил спиртінен  уланып мерт болды деген мәлімет таратып еді. Араға 1-2 сағат салып, денсаулық сақтау департаменті олардың екеуінің тірі қалғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Медицина • 03 Шілде, 2020

Қостанайдағы провизорлық стационар дәрігерлері жұмысқа шығудан бас тартты

Бүгін Қостанай облысында індет жұқтыру жағдайы бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетіп, бір күнде бірден 48 науқастан Covid-19 анықталды. Күн санап асқынып бара жатқан күрделі аһуалға қарамастан, бір-екі күн бұрын уақытша провизорлық стационар қызметіне көшкен қалалық аурухананың бірнеше дәрігері жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Басты себеп – аса қауіпті аймақ саналатын провизорлық стационардағы қарапайым санитарлық талаптардың сақталмауы.

Аймақтар • 02 Шілде, 2020

Қостанай облысында дәрі-дәрмек жеткілікті

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Ержанованың айтуынша, аймақта 300-ге жуық дәріхана бар. Олардың дәрімен қамтамасыз етілуі мен баға тұрақтылығының сақталуы қатаң бақылауда. Бүгінге дейін дәрі тапшылығына байланысты тұрғындардан ешбір шағым түспеген. Бірақ дәріхана меннеджерлері вирусқа қарсы ішетін және дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмекке сұраныс артқанын хабарлап отыр.