
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Білім басқармасына қарасты мекеме басшысы пара бергені үшін тергеуге алынды
Қостанай облысының білім басқармасына қарасты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мекемесінің басшысы пара берді деген күдікке ілікті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Полиция заңсыз балық аулайтындарға тұсау салмақ
Заңсыз балық аулаушыларға қарсы рейд шарасын табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жүргізіп жатыр. Арнайы құрылған жұмыс топтары балық уылдырық шашатын жерлер мен ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтарды аралап, су қоймалары маңындағы жолдарға шолу қойған, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Қостанай облысында 29 ауылға ауыз су тартылады
Бүгін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов елді мекендерді сумен қамту жобаларын іске асыру жөнінде жиын өткізді.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Қостанайда жолақы төлемі электронды жүйеге көшеді
Қостанайда қоғамдық көліктерге валидатор орнатылып, жолаушыар жол жүру ақысын электронды түрде төлейтін болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Қостанай саябақтарына тегін Wi-Fi қойылады
Қостанайда цифрландыру бағдарламасы шеңберінде "Ақылды" жарықтандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қала көшелерін жарықтандыруды жаңа технология арқылы басқаруға көшіруге бюджеттен 513 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2020
Ауыз судың бағасы аспандап тұр
Қостанайда бір текше ауыз судың бағасы – 76 теңге 78 тиын. Ал облыс орталығынан шалғай жатқан Жангелдин ауданына қарасты шағын ауыл – Аралбайда құбырдан келетін қара судың құны бұдан 10 есе қымбат. Ауыл тұрғындары үйге су тартылғалы әр текшесіне 3 жыл бойы 1000 теңгеден төлеп келген.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Қостанай облысында бір аптада 5 адам суға кеткен
Қостанай облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, күн ысығалы өзен-көлдердегі қайғылы оқиға жиілеп барады. Мысалы, өткен аптаның өзінде ғана балық аулауға және шомылуға барған 5 адам суға кетіп отыр.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Арқалықта малшаруашылық кешені салынып жатыр
Қостанай облысының оңтүстік өңірінде ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында Арқалық қаласына қарасты Родина ауылында салынып жатқан алып кешеннің бордақылау алаңы мен асыл тұқымды мал басын көбейтетін орталығы бар.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Архимед Мұхамбетов Арқалыққа жұмыс сапарымен барды
Биыл Арқалық қаласының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізіледі. Мұның сыртында, мемлекеттік бағдарлама бойынша іске асырылып жатқан ауқымды жобалар қолға алынып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Арқалық қаласына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы алдымен шағын шаһардағы жылу энергетикалық компаниясында болды.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Қостанай облысында 381 ақылды ферма құрылады
Аймақта агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бес бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде алқапты жаппай өңдеуден бас тартып, қажетті телімді ғана өңдеу, ет, сүт фермаларын автоматтандыру өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.