
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Қостанай қаласы жартылай жарықсыз қалды
Қостанай облысында бір тәулік бойы соққан қарлы боран басылып, күннің көзі ашылып қалыпты тіршілік басталды. Кеше ғана тосын мінезіне басып алай-түлей бүлініп аласұра ақборандатқан табиғат бүгін түк болмағандай моп-момақан кейіпке енген.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты 2 адам анықталды
Індет жұқтырғандардың біреуі 1990 жылы, екіншісі 2000 жылы туған. Екеуі де Тобыл қаласында госпитальда жатқан.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Қостанай облысында қарлы боранның салдарынан көлік жолдары жабылды
Қостанай облысында бүгін түнде басталған қарлы боран әлі толастар емес. Таңертең ақтүтек боран одан сайын күшейе түсіп, облыс орталығында көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындады.
Экономика • 07 Сәуір, 2020
Жеңілдетілген несие жеткен жоқ
Жуырда өңір басшысы А.Мұхамбетов Қостанай облысындағы бидай тұқымына мұқтаж шағын шаруашылықтарға «Кең дала» бағдарламасы бойынша 17 млрд теңге жеңілдетілген несие берілетінін, бұл несиені бірінші кезекте шағын және орта шаруашылықтар алатынын айта келіп, жергілікті әкімдерге, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарын реттейтін басқармаларға шағын және орта шаруа қожалықтарды қолдауды ерекше назарға алу керегін нықтап тапсырды.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Биыл Қостанай облысында су тасқыны әдеттегіден екі апта ерте басталды. Қазір Қарасу, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарындағы өзен арналарына қызыл су құйылып жатыр. Су деңгейі баяу көтерілуде.
Қоғам • 06 Сәуір, 2020
Қостанай облысы: «Жұмыспен қамтудың жол картасына» 53,7 млрд теңге бөлінді
Облыс әкімдігінде өткен жиында 2020 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Бұл жөнінде баяндама жасаған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың айтуынша, Жол картасы жұмыссыздар санының өсуіне жол бермеуге, қосымша жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ ауылдық мекендердегі инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Қостанай облысында төтенше жағдай режімін бұзған 250 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов төтенше жағдай режіміне немқұрайлы қарайтындарға енді қатаң шара қолданылуы мүмкін екенін айтты. Өйткені талап күшейгенімен, тәртіп бұзушылардың азаятын түрі жоқ.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған адам Мысырдан ұшып келген
1991 жылы туған азаматша 21 наурыз күні Шарман-Шейх – Алматы әуе рейсімен ұшып келген. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы арқылы облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Қостанай облысында төтенше жағдай режімін бұзған 10 адам қамауға алынды
Қамауға алынғандардың барлығы шектеу тәртібін сақтамаған түнгі сауық орындарының, ойын клубтары мен дүкендердің иелері, - деп хабарлады Қостанай облысы әкімдігі жанындағы ақпараттық штаб өкілдері.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Қостанайда жолаушыдан маска киюді талап еткен автобус жүргізушісі соққыға жығылды
Қостанай облысы әкімдігі жанындағы ақпараттық штабтың мәліметінше, бүгін таңертең №11 автобустың жүргізушісі қоғамдық көлікке бетпердесіз кірген жолаушыға ескерту жасап, сыртқа шығуын сұраған.