
Аймақтар • 30 Сәуір, 2024
«Возрождения» балалы үйге пәтер сыйлады
Тасқын судың зардабын жою іс-шаралары аясында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету ісіне жекелеген кәсіпкерлердің де атсалысып жатқаны қуантады. Мысалы, Қостанай облысының Қызылжұлдыз аулындағы баспанасы суға кеткен көпбалалы отбасына жергілікті кәсіпкер, «Возрождения» неміс этно-мәдени орталығының басшысы Сергей Блок үш бөлмелі пәтер алып берді.
Қоғам • 30 Сәуір, 2024
Шалғайдағы ауылға жүз тұрғын үй салынады
Су тасқынынан зардап шеккен Арқалық, Амангелді, Жангелдин аудандарының тұрғындары үшін жүз шақты үй салынады. Мемлекеттік қолдау аясында іске асырылатын баспана құрылысына еліміздегі ірі компаниялар да үлес қосады. Қалалық жерлерге қоныс аудару ниеті бар ауыл тұрғындарына мемлекет қаржысы есебінен пәтер алып беру жағы да қарастырылған.
Қоғам • 29 Сәуір, 2024
Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан сенбіліктерге мемлекеттік қызметшілер, түрлі кәсіпорын, мекеме жұмысшыларымен қатар, қарапайым тұрғындар да белсенді атсалысып жатыр.
Талбесік • 27 Сәуір, 2024
2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Өңірде сәуірдің сегізінен бері өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына облыс, қала, аудан әкімдерінен бастап, бүкіл жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Ассамблея мүшелері, ЖОО мен колледж студенттері мен оқытушылар, волонтерлер, полиция, антикор, прокуратура құрылымдары, қарапайым тұрғындар белсене қатысуда.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2024
Қалпына келтіру жұмысы қарқынды
Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен баспасөз жиынында облыстың жауапты басқарма басшылары тасқын судың салдарынан бұзылған жол, үзілген электр желілері мен интернет байланысын қайта қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүріп жатқанын баян етті.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2024
Мал-мүлік шығыны толық өтеледі
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде халықтың үй-жайын, мүлкін қалпына келтіру, мал шығынын өтеп беру бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Мамандар бүгінге дейін 864 үйді техникалық зерттеуден өткізіп, 561 тұрғын үйді қайта қалпына келтіруге болатынын анықтады. Бұл үйлерді жөндеуден өткізуге қажет қаржы шығын көлемін нақтылау, бағалау жұмыстары аяқталған соң төленеді.
Қоғам • 20 Сәуір, 2024
Ағайынның қадірі қиындықта білінеді
Қауіптің беті қайтып, біраздан бері су тасқынының зардаптарымен күресіп жатқан Қостанай облысына алыс-жақындағы ағайынның ыстық ықыласымен ағылып келіп жатқан гуманитарлық көмектің легі әлі толастаған жоқ. Мысалы, өңірде жұмыс істеп жатқан тасқын судан зардап шеккен халыққа керек дүниелерді тарату орталықтары бүгінге дейін 1 700 тоннаға жуық гуманитарлық көмек қабылдап алған.
Қоғам • 20 Сәуір, 2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді. Министр су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қоныстандыру пункттеріне барды, сондай-ақ облыс орталығы мен Рудный қаласының бірқатар әлеуметтік нысанының қызметімен танысты.
Халық • 18 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқынына қарсы құтқарушы, әскер, полиция күштерімен тең қайрат танытқан волонтерлік штаб басшыларының өкілі Айбек Таңатбаевпен де кездесті.
Өнер • 18 Сәуір, 2024
Жан тыныштығын қылқаламнан тапқан
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері залында ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, әуесқой суретші Николай Стешиннің шығармашылығын арқау еткен «Аңшының әңгімесі» атты көрме ашылды.